Отандық тауарларды арнайы дүкендерде сату туралы ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отандық тауарларды арнайы дүкендерде сату туралы ұсыныс жасады ©tengrinews.kz

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауарларды төмендетілген бағамен арнайы дүкендерде сату туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Бізде мынандай ұсыныс бар, егер біз кейбір жекелеген тауарлардың бағасын төмендетеміз десек, онда тауарларды арнайы дүкенге қою керек. Бізде орта және шағын бизнесте халық жиі пайдаланатын тауар түрлері өте көп. Міне осындай тауарлар бірден нарыққа арнайы дүкендер арқылы түсіп отырса, онда тұтынушы үшін әлдеқайда арзан болар еді", – деді ҰКП басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Үкімет отырысында. Оның айтуынша, соңғы кездегі еліміздегі экономикалық, қаржылық күрделі жағдайларға орай осындай шешім дұрыс болмақ. Бұған дейін Үкімет 2014 жылы халық тұтынатын тауарлардың бағасы көтерілмей тұрақты болатынын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети