28 тамыз 2014 | 12:48

Отын қауымдастығы: Жанармай тапшылығы қолдан жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның отын қауымдастығы мемлекеттік органдарды елде жанар-жағармай тапшылығын әдейі туғызып отыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның отын қауымдастығы мемлекеттік органдарды елде жанар-жағармай тапшылығын әдейі туғызып отыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволар (Мұнай және газ министрлігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі) "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен және көтерме сауда операторларымен бірге тікелей және жанама түрде мұнай өнімдері тапшылығын туғызды деп есептейміз", - делінген отын қауымдастығының таратылған баспасөз парағында.

Қауымдастық басшысы Болат Әуетаев Астанада өткен брифингте өзінің осы ахуалды реттеу жөніндегі көзқарасын білдірді. "Ресурс жеткізушілердің хаттамаға сай бөлінген мұнай өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз етуін қатаң бақылауға алып, шара қолдану қажет", - деді ол. Қауымдастық жанар-жағармайды бөлу өлшемдерін жасап, оны Үкімет қаулысы деңгейінде бекітуді ұсынады. Сондай-ақ әкімдіктер, көтерме жеткізушілер, бөлшек саудагерлер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен жанар-жағармайдың ай сайынғы көлемін бөлу жөнінде арнайы комиссия құру қажеттігін, жанар-жағармайдың аймақтарға бөлінген көлемі, бөлшек саудагерлерден түскен тапсырыс көлемі және бөлінген көлем негіздемесі туралы ақпараттарды әкімдіктердің интернет-ресурстарына орналастыру қажеттігін айтты. 

"Біз көтерме сауда бағасын реттеуді, бөлшек саудамен айналысушылар үшін 30 пайыздық маржа енгізуді сұраймыз. Қазір көтерме саудагерлер бағаны бөлшек саудадағы бағадан да шарықтатып жіберді. Жанармай сатушылар көтерме саудагерлерден сатып алуға мәжбүр", - деп мәлімдеді Қазақстанның отын қауымдастығы басқарма төрағасы Болат Әуетаев. 

Отын қауымдастығы сарапшылары АИ-92 жанармайы бағасы өскенімен, саланың проблемалары тезірек шешуді қажет етіп тұрғанын айтты. Олардың мәліметінше, биылғы маусым айынан бері бөлшек сауда өкілдері АИ-92 жанармайы мен дизель отынынан тапшылық көріп отыр. Қауымдастық биылғы қаңтар айынан бері АИ-92 маркалы бензиннің жеткізілуі 10%-ға азайды деген қорытынды жасады.

"Жуық арада бағаны өсіру - отын нарығын тұрақтандырудың жалғыз әдісі. Мысалға, отандық жанармайдың реттелетін бағасын сақтау мүмкіндігін қарастыруға болады немесе Ресей жанармайы үшін еркін баға бекіту. Бұл отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту процесін тездетуге де мүмкіндік береді", - дейді экономикалық шолушы, мұнай-газ секторының сарапшысы Сергей Смирнов, ол жанармай бағасының өсе беретінін айтып отыр.

"Аи-92 бензинінің бөлшек саудасына жаңа шектік баға (литріне - 128 теңге) бекіту сұраныстың 40%-ын өтейтін Ресей бензині импортының мәселелерін шеше алмайды. Егер ақпан айындағы девальвацияға дейін Ресейдегі көтерме сауда біздің бөлшек сауда өкілдерінің табыс табуын қиындатып жіберсе, бүгінде Ресей отынын әкелу тіпті орасан шығынға отырғызатын болды. АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің құны қазақ-орыс шекарасында - 125 теңге. Егер бұл бағаға тасымал, сақтау және операциялық шығындар құнын қоссақ, түпкі баға 150 теңгеден асып кетеді", - дейді Смирнов. Оның айтуынша, мұндай жағдайда май құю бекеттеріне жанар-жағармайды еш жерден алу мүмкін болмай қалады. "Елде отын тапшылығын май құю бекеттерінің "сараң" иелері туғызып отырған жоқ деген тұжырым жасауға әбден болады", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети