Полиция Questra Holdings қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Questra Holdings қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырды

Ақмолалық полицейлер Questra Holdings қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалық полицейлер Questra Holdings қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінге дейін өңір территориясында ақмолалықтарды қаржы пирамидасына тарту деректері тіркелмегені, алайда сонда да тәртіп сақшыларының тұрғындарды сақ болуға шақыратыны айтылады. 

"Questra Holdings Inc. қаржы пирамидасының қызметі биыл Қазақстанның бірнеше облысында тіркелді, үш дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі осындай деректерді тергеу ұйымдастыру үшін арнайы тергеу тобын құрды, қаржы пирамидаларының әрекетін анықтау мақсатында криминоген жағдайына үздіксіз бақылау жүргізілуде", - деп хабарлады полициядағылар. 

Полицейлердің айтуынша, қаржы пирамидаларының өкілдері азаматтарға түрлі табысы бар бірнеше жолды ұсынатынын, кейінде тіпті байлыққа кенелуге уәде беретінін айтады екен. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар мен оның өкілдері қаражаттың қайда түсіп жатқанын нақты айта алмайды да. Бұл әрекеттер көбінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүзеге асатын көрінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети