Қарабалин бензин туралы: Біз Ресей нарығындағы бағаға тәуелдіміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарабалин бензин туралы: Біз Ресей нарығындағы бағаға тәуелдіміз © Тұрар Қазанғапов

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстандағы бензин бағасына қатысты болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстандағы бензин бағасына қатысты болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"(...) Бізде баға 124 теңге көлеменде, тіпті 108 болды және 130 теңгеге дейін жетті. Дегенмен орташа баға 125 теңге шамасында. (...) Бір ай көлемінде баға тұрақталып, ол нарықтық қалыпқа келетініне біз сенімдіміз. Бензин бағасының қандай болатыны Ресейдегі сатылым бағасымен тікелей байланысты - бұл бізге ең басты жеткізуші. Зауыттарымызды жанармаймен толық қамтамасыз ететін жағдайға келтірмейінше, Ресей нарығындағы бағаға тәуелді боламыз", - деді Қарабалин тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол бензин бағасының түсуі мүмкін екенін де теріске шығармады. "Бензин бағасының түсуіне келсек, "Неге түспеуі мүмкін?" деген сұрақ туады. Егер нарыққа бензин көп келіп, біз оны бұрынғы бағамен сатып алсақ, осыған сәйкес сатушылар да бағаны түсіреді. Менің ойымша, қазаннан кейін, қараша-желтоқсан айларында нарықтық нағыз бағаны көретін боламыз", - деді энергетика вице-министрі.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартқаны белгілі болды. ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети