"Қазақмыс" жұмысшыларының жалақысын өсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" жұмысшыларының жалақысын өсіреді Фото ©Нұрғиса Елеубеков

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап "Қазақмыс" өндірістік саладағы жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға өсіреді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кету керек, "Қазақмыс" мұндай шешімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңетілген отырысында берген тапсырмасынан кейін қабылдаған. Еске салайық, Мемлекет басшысы бұған дейін девальвацияға қатысты: "Теңгенің құнсыздануынан қараша халық зардап көрмеуі керек. Енді бағалардың асыра сілтеп, көтеріліп кетпеуін қадағалауымыз тиіс. Барлық әкімдер мұны назарында ұстағаны дұрыс. Ал компаниялар қызметкерлерінің жалақыларын өсіруді қарастыру керек" деген болатын. 2012 жылы "Қазақмыс" қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға дейін өсірген. Ал енді "Қазақмыстың" басқарушы директоры Олег Новачук: - Теңгенің құнсыздануы біздің қызметкерлер арасында да біраз дүрбелең турдырды. Қазақстанда біздің кәсіпорындарда 55 мың адам жұмыс істейді. Компания әрқашанда өз жұмысшыларын сыйақы, үстемақы беру арқылы оларды қолдап отырады,- дейді. Айта кету керек, бұған дейін "Казцинк", "ENRC" және "АрселорМиттал Темиртау" компаниялары да 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмысшалырының жалақысын 10 пайызға өсіретіндіктерін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети