2014 жылдың екі айында Қазақстан қор биржасындағы шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 2,3 есеге өскен деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2014 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) биржада шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі, валюталық айырбас операцияларын қоса есептегенде 5 284,9 млрд теңгені (баламасы 32 054,6 млн АҚШ долларына тең) құрап, 2013 жылдың қараша-желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 47,1%-ға (35,8 % долларлық көрсетілімде) өсті.
Айта кету керек, 3 қаңтар мен 28 ақпан аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 166,78 теңге болып барлық сауда саттық мәмілесі осы сомада жасалды.
Сондай-ақ 2014 жылдық қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE)* халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен сауда-саттығының көлемі 1 14,2 млн теңгені (баламасы 726,9 млн АҚШ долларына тең) құрады.
Бұған қоса 2014 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE)* корпоративтік облигациялар сауда-саттығының көлемі 42,9 млрд теңгені (баламасы 254,5 млн АҚШ долларына тең) құрады. 2013 жылдың қараша желтоқсан айларымен салыстырғанда корпортивтік облигациялардың сауда саттығы 50 пайызға (54,4 пайыз долларлық көрсетілімде) төмендеді.