Қазақстан Қырғызстанға газ беру көлемін шектеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қырғызстанға газ беру көлемін шектеді ©РИА Новости

Қазақстан көршілес Қырғыз еліне газ экспортының көлемін шектеуге мәжбүр болды деп хабарлайдыTengrinews.kz. "Қырғызгаз" акционерлік қоғамының ресми өкілдері хабарлағандай, қазір Қазақстан тарапынан Қырғыз еліне сағатына 50 мың текше метрдің көгілдір отынның орнына 40 мың текше метр отын келіп түсуде. Көгілдір отынның көлемінің бұлай шектелуіне қатысты Қырғыз тарабы өз еліндегі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес нысандарына газ беруді шектеген. Еске сала кетейік, Tengrinews.kz бұған дейін еліміздің Оңтүстік өңірлерге беретін газ мөлшерін Өзбекстанның шектеп тастағанын жазған болатын. Соңғы үш тәуліктен бері еліміздің Оңтүстік Қазақстан өңірлері тиесілі 420 мың текше метр газдың орнына сағатына бар болғаны 120 мың текше метр көгілдір отынды қанағат тұтып отыр. "Осыдан барып біздің де Қырғызстанға газ экспортына шектеу қоюуымызға тура келді" деседі мамандар. Белгілі болғандай кеше түннен бері Түркменстаннан "Росмұнайгаз" құбыры арқылы Оңтүстік Қазақстан өңіріне сағатына 100 мың текше метр көгілдір отын келіп түсуде. Бұған қоса көгілдір отынның біраз бөлігі Сарыағаш газ қоймасынан алынып отыр және Бейнеу - Шымкент газ құбырынан алынатын отынның көлемі ұлғайтылған. Шенеуніктер ауа райының күрт төмендеуі жағдайдың осылай қалыптасуына әкеліп отырғанын, күн жылынған мезгілде барлығы қалпына келетінін айтып сендіруде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети