Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге тыйым салды © pixabay.com

Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 12 қазанынан бастап Қазақстан Республикасына Қырғызстаннан кіргізілетін ет өнімдеріне уақытша шектеу енгізілді.

"Осылайша Қазақстан Республикасына ветеринариялық бақылау және қадағалау өнімдерін экспорттауға құқығы бар 5 қырғыз кәсіпорнына шектеу енгізілді. Сондай-ақ белгілегендей, шығыс инспекция қорытындысы бойынша 2012 жылдан бері тағы 4 қырғыз кәсіпорнына уақытша шектеу қолданылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қырғызстанның Қазақстаннан жұмыртқа мен құс етін кіргізуге шектеу қойғаны жайлы хабарланған болатын. Шектеудің құс тұмауы мен Ньюкасл дертіне байланысты эпизоотиялық жағдай анықталғанша сақталатыны айтылған еді. 

Ал кейінірек ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Қырғызстанның Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге қойған шектеуі құқыққа жат болып саналатынын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети