Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6 пайызға тең болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6 пайызға тең болды © Tengrinews.kz

Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы азық-түлік тауарлары - 10,9 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 22,6 пайызға және ақылы қызметтер 8,1 пайызға қымбаттаған.

Өткен жылы қайта өңделген және консервіленген жемістер - 48,5 пайызға, күнбағыс майы - 29,2, жаңадан жиналған жемістер - 26,7, қант - 20,1, қайта өңделген және консервіленген көкөністер - 19,8, балық және теңіз өнімдері - 19,5, жұмыртқа - 18, алкогольсіз сусындар - 16,9, қарақұмық жармасы 16,4 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, тоқаш және ұннан дайындалған, кондитерлік өнімдер (15,2 пайыз), нан (14,4 пайыз), консервіленген сүт (14,2 пайыз), алкогольді ішімдіктер (12,6 пайыз), бірінші сұрыпты ұн (11,6 пайыз) қымбаттады.

Тоқыма бұйымдарының бағасы 35,4 пайызға, ал фармацевтикалық өнімдердің бағасы 31,3 пайызға көтерілді. Автомобильдер 20,9 пайызға, олардың қосалқы бөлшектері 21,9 пайызға қымбаттады. Бензин 4,6 пайызға қымбаттап, дизель отыны 9,6 пайызға арзандады.

Кабельдік теледидар қызметтерінің тарифтері - 51,3 пайызға, халықаралық қоңырау шалу (республика шегінен тыс) 34,5 пайызға қымбаттады. Қоғамдық тамақтану бағасына 12,2 пайыз, денсаулық сақтауға - 11,7, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында 9,6 пайыз қосылды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылыту бағасы - 14 пайызға, суық су - 12,7, ыстық су - 11,3, кәріз - 10,3, электр қуаты - 8,3, тұрғын үйді күтіп ұстау - 4,3, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 4 пайызға жоғарылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети