Қазақстанда АИ-92 жанармайы 99 теңгеге дейін арзандады

©РИА Новости

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 99 теңгеге дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 20 шілдесінде шыққан "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 15-тармағына және 9-баптың 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік реттеу бағамы бекітілген мұнай өнімдеріне қосылған құн салығымен қоса есептегенде мынадай шекті бағаны белгілеуді бұйырамын: дизель отынының әр литрі - 99 теңге, АИ-80 әр литрі - 89 теңге, АИ-92/93 әр литрі - 99 теңге", - делінген Энергетика министрі Владимир Школьниктің бұйрығында.

Бұйрықтың орындалуын қадағалау міндетті Қазақстанның Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге жүктелді. "Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануы тиіс", - делінген құжатта. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бензин бағасы осымен үшінші рет ресми түрде төмендеді. Бірінші рет бензин бағасы өткен жылы 10 желтоқсанда төмендеді. Ол кезде дизель отынының әр литрі 107 теңге, АИ-80 әр литрі 89 теңге, АИ-92/93 әр литрі 115 теңге болды. Одан кейін жанар-жағармай тағы арзандап, АИ-92 маркалы бензиннің әр литрі 109 теңгеден сатылды. Ақпан айының басында жанар-жағармай құю бекеттерінің көпшілігінде бензин бағасы төмендеді, Аи-92 бензині 107 теңгеден, ал кейбіреулерінде 105 теңгеден сатыла бастады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама