Алматы мен Астанада жанармай бағасы тағы да төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Астанада жанармай бағасы тағы да төмендеді Helios (Алматы). ©Дмитрий Хегай

Алматы мен Астана қалаларындағы жанар-жағармай құю бекеттерінің көпшілігінде бензин бағасы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласында 4 ақпан күнгі жағдай бойынша, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 2-3 теңгеге төмендеді. Еске сала кетейік, бұл маркадағы бензиннің әр литрінің шекті бағамы 109 теңге болатын. Мегаполисте бензиннің бұл бағасы тек "Газпромнефть" жанар-жағармай құю бекеттерінде сақталды.

Helios, "ҚазМұнайГаз", Sonar және Castrol жанар-жағармай құю бекеттері АИ-92 бензинінің әр литрін 107 теңгемен сатып жатыр. Ал Sinoil мен Royal Petrol жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин бір теңгеге арзан. Қала бойынша ең арзан бензин Total Asia жанар-жағармай құю бекеттерінде екені анықталды, мұнда бензиннің әр литрі - 104 теңге. Айта кетейік, Total Asia жанар-жағармай құю бекеттерінің желілері мұндай бағаны 23 қаңтарда қойған. Сонымен қатар, дизель отынының да бағасы өзгерді. Sinoil мен "Газпромнефть" жанар-жағармай құю бекеттерінде дизель отынының бағасы - 107 теңге, ал қалғандарында - 105 теңге. АИ-95/96 маркалы бензиннің бағасы 148-ден 157 теңгеге дейінгі аралықта. Айта кетейік, бұл маркалар үкімет бекіткен шекті бағамдар бойынша қадағаланбайды. 

Астанада да бензиннің бағасы біршама төмендеді. Helios, "Асқар", Nomad Oil және "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай құю бекеттерінің барлығында дерлік АИ-92 бензинінің бағасы 107 теңгеге дейін төмендеді. Ал Sinoil жанар-жағармай құю бекеттері бұл маркадағы бензиннің әр литрін 106 теңгемен сатып жатыр.

Еске сала кетейік, бензиннің бағасы 23 қаңтарда төмендеді, алайда ол кезде Алматының тек бір ғана жанар-жағармай құю бекеті бензинді шекті бағамнан төмен бағада сатты. Аймақтарда да бензин арзандады, Шымкентте АИ-92 бензинінің әр литрі 105-107 теңгемен, ал Қызылордада 108 теңгемен сатылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +24
Ақтау +26
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +24
П
Павлодар +17
Петропавл +24
С
Семей +23
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +20
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер