Қазақстанда автомобиль өндірісі 3 есеге азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автомобиль өндірісі 3 есеге азайды © РИА Новости

Қазақстанда автомобиль өндірісі үш есеге азайды, - деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық порталы ҚР ҰЭМ-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автомобиль өндірісі үш есеге азайды, - деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық порталы ҚР ҰЭМ-ге сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 33 мың жеңіл автомобиль шығарылған. Ал 2015 жылы осы уақыт аралығында өндіріс саны 10,8 мыңға дейін қысқарды. Бұған 2014 жылдың екінші жартысында рубль бағамының төмендеуінен Қазақстанда жеңіл автомобильдердің көбеюі себеп болып отыр.

"Бір жылдың өзінде республикалық автопарк 1,2 миллион машинаға көбейді. Автомобиль санының өсу қарқынына теңге бағамының төмендеуі де әсер еткен жоқ", - деп хабарлады басылым өкілдері.

Қазір жеңіл автомобильдердің 95 пайызы жекеменшік ретінде тіркелген. Дегенмен рубль бағамы түскен кезде корпоративтік автомобиль иелері де автопарктегі үлесін 3-тен 5 пайызға дейін көбейтіп алды. "Сонымен қатар, жаңа автомобильдердің де саны артты. Үш жыл ішінде көне автомобильдердің үлесі 80 пайыздан 64-ке қысқарған. Ал жаңа автомобильдер үлесі 3-тен 15 пайызға артты", - делінген басылым сараптамасында.

Елімізде ең көп таралған автомобильдер қозғалтқыштарының көлемі 1,5-2 текше метр көліктердің үлесінде қалды. Соңғы үш жылда олардың саны екі есеге өссе, автопарктегі үлесі 39,7-ден 42,3 пайызға дейін жоғарылады. Сұраныс аз көліктерге қозғалтқыш көлемі 1,1 шаршы метр автомобильдер жатады. Мұндай көліктер елімізде небәрі 1 пайызды ғана құрайды. Дегенмен соңғы кезде мұндай автомобильдерге де сұраныс артып келеді. Елімізде жылдам көбейіп жатқандарға қозғалтқыш көлемі 4,0 шаршы метрден жоғары автомобильдерді жатқызуға болады. Олардың саны соңғы үш жылда шамамен 80 пайызға өскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети