Қазақстанда бензиннің бөлшек сауда бағасы көтерілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бензиннің бөлшек сауда бағасы көтерілуі мүмкін © Тengrinews.kz

Ресейде бензиннің бөлшек сауда бағасы көтеріле сала Қазақстанда да көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұндай пікірді бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде бензиннің бөлшек сауда бағасы көтеріле сала Қазақстанда да көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұндай пікірді бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.

"Ресей Федерациясының нарығындағы тенденция жайында айтатын болсақ, ол жақта акциздік алымның көтерілгенін өздеріңіз де білесіздер, Ресей Федерациясында акциздік алымның өсуі бөлшек сауда бағасының көтерілуіне алып келетіні түсінікті және ол бөлшек сауда бағасының деңгейіне әсер етуі мүмкін - кейбір көтерілулер Қазақстан Республикасына да", - деді Сауат Мыңбаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

"Мен неліктен "мүмкін" және "кейбір" деймін? Себебі ол бензинді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу кезінде жанама салықтар шегеріледі және акциз бен ҚҚС-сыз ол бензин біздің нарыққа жеткізіледі, ал біздің акциздер өзгерген жоқ. Бағаның деңгейі бұрынғы қалыпта қалатындай көрінеді, тікелей үйлесімдік жоқ. Бірақ пистолетте бағаның айырмашылығы қатты болса, ашық шекарамен онда-мұнда тасымалдауға ешкімнің тыйым салмайтыны түсінікті және өткен кезеңдерде ондай жағдай бірнеше рет болған еді: бөлшек сауда бағасының деңгейі айтарлықтай болғанда бөлшек көшу немесе аз ұсақ көтерме көшушілік басталды", - деді "ҚазМұнайГаз" басшысы.

"Мен жанама, қосымша әсерлер болуы мүмкін дегім келеді. Сонымен қатар, айтарлықтай ықпалды күтіп отырған жоқпыз. Қайталап айтамын, мен неге ресейлік нарықтағы бағаның деңгейін еске салып отырмын. Қалай дегенмен, ол нарық Қазақстан нарығынан он есе үлкен. Ашық шекара жағдайында баға деңгейінің әсер етпей қоймайтыны түсінікті", - деді Сауат Мыңбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети