Қазақстанда инфляция 2015 жылғы қазаннан бері ең төмен көрсеткішке жетті - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда инфляция 2015 жылғы қазаннан бері ең төмен көрсеткішке жетті - Ұлттық банк © REUTERS

Қазақстанда қазан айында жылдық инфляция деңгейі 5,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Сенат отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қазан айында жылдық инфляция деңгейі 5,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Сенат отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2018 жылғы 10 айда инфляция 3,7 пайыз болды. Жылдық инфляция 2018 жылғы қазанда 5,3 пайызға дейін төмендеді. Бұл 2015 жылғы қазаннан бері ең төмен көрсеткіш. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы 9,25 пайыз
деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттыруға және ақша-кредит жағдайларын қолайлы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді", - деді Ақышев.

Ол Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеу саясатын жүргізуді жалғастыратынын да атап өтті.

"Инфляция бойынша 2019 жылға арналған нысаналы бағдар жаңа, төмен 4-6 пайыз  дәлізінде белгіленді. Бұл дәліз республикалық бюджеттің негізгі әлеуметтік көрсеткіштерінің индекстеу өлшемдерін есептеу кезінде пайдаланылды", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, Қазақстан Ұлттық Банкінің шаралары инфляцияны 2020 жылы төмен, бірақ 4 пайыздан төмен
деңгейге дейін біртіндеп төмендетуге бағытталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети