Қазақстанда украин ірімшіктеріне тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда украин ірімшіктеріне тыйым салынды Фото РИА Новости сайтынан

"Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 9 сәуір күні украин ірімшігінің кей түрлерін ел аумағына әкелуге және сатуға тыйым салатын қаулыға қол қойды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 9 сәуір күні украин ірімшігінің кей түрлерін ел аумағына әкелуге және сатуға тыйым салатын қаулыға қол қойды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен "Ахтырский" сыр комбинатының "Рось" бөлімшесі, "Пирятинский сыр-комбинат" АҚ-ы, «Гадячсыр» ААҚ-ы, «Золотошский май өндіру комбинаты», «Техмолпром» ААҚ-ы өндірген ірімшіктерді Қазақстан аумағына әкелуге және сатуға санитарлық шаралар негізінде уақытша тыйым салатын қаулыға қол қойдым» - дейді Бекшин.

Оның сөзіне қарағанда, қаулы 9 сәуірде қол қойылған сәттен бастап күшіне енген. 10 сәуір күні қаулы аймақтық органдарға, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және өзге де қажетті органдарға жіберілген.

Бекшиннің хабарлауынша, мән-жайды анықтағанға дейін қаулы күшінде қалады. Қаулы 2009 жылдың 11 желтоқсанындағы Кедендік одақтың санитарлық шаралар туралы келісімі бойынша "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 21-бабына, сондай-ақ "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" Кодекстің 2,4 тармағы негізінде шығарылып отыр.

"Осыған орай, облыстық бас санитарлық дәрігерлерге тасымалдаушыларды құлақтандыру тапсырылды. Санитарлық-гигиеналық бақылау департаменті мен Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне Ресей мен Беларусьтің өкілетті органдарына санитарлық шараларға орай, жоғарыда көрсетілген өндірушілердің өнімін Қазақстан аумағына тасымалдауға, сатуға тыйым салынғаны туралы хабарлама беру тапсырылды» - деп атап өтті Бекшин.

Естеріңізге сала кетсек, жоғарыда аталған ірімшік өндіруші кәсіпорындардың өнімдерін Ресей аумағында сатуға тыйым салынған.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети