Қазақстанда жанармай өндіру 15 пайызға артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жанармай өндіру 15 пайызға артты ©olpictures.ru

Қазақстанда 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында жанармай өндірісі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында жанармай өндірісі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 2014 жылдың сегіз айы ішінде 1,95 млн тоннадан астам жанармай өндірілген, оның ішінде, әуе жанармайы да бар. 

Бұған қоса, 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында жермай өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 42,4%-ға өсіп, 65,8 мың тоннаға жетті. 

Комитеттің мәліметінше, сегіз ай ішінде елімізде 3,25 млн тонна дизель отыны өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4,9%-ға аз. Мазут өндірісі 7,4%-ға азайған - 2,37 млн тонна.

Бұған дейін елімізде қаңтар-шілде айларында жанармай өндірісінің 17,4%-ға артқаны хабарланған болатын. Бұл уақыт ішінде 1,48 млн тонна жанармай өндірілген. Айта кетейік, соған қарамастан, биыл жазда елімізде жанармай тапшылығы байқалған еді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, тапшылық қараша айына дейін созылуы мүмкін.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети