Қазақстандық институт әлемнің 100 үздік зерттеу орталықтарының қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық институт әлемнің 100 үздік зерттеу орталықтарының қатарына кірді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Дүниежүзілік сараптамалық орталықтардың 2015 жылға арналған индекс-рейтингісінде бірден төрт номинациясында орын алды, - деп хабарланды мекеменің ресми сайтында.

Бұл рейтинг 1989 жылдан әлемдегі алты мыңға жуық "ақыл-ой орталықтарының" қызметін талдау негізінде сараптамалық құрылымдардың жетістіктері мен олардың даму үрдістерін анықтау бойынша Пенсильвания университетінің "Сараптамалық орталықтар мен азаматтық қоғам" зерттеу бағдарламасы аясында жасалады.

Рейтингтің қорытындысы бойынша, ҚСЗИ қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат саласындағы 100 ең үздік зерттеу орталықтарының қатарына енді. Сонымен қатар, институт алғаш рет үздік мемлекеттік "ақыл-ой" орталықтарының тізіміне енді. ҚСЗИ бұл тізімде әлем бойынша 57-орынды иеленіп отыр. 

Орталық Азиядағы үздік сараптамалық құрылымдардың арасында ҚСЗИ алғашқы үштікке еніп, өз орнын сақтап қалды, сондай-ақ энергетика және шикізат саясатын зерттеу саласында 33-орынға тұрақтады. "Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы сараптамалық орталықтардың ролі артып келе жатқанын көрсетеді. Отандық "ақыл-ой" орталықтарының жариялап отырған ғылыми-сарапшылық материалдарына шетелде жиі сілтеме жасалады", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ҚСЗИ ҚР Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылды. 2014 жылдың сәуір айынан ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласына көшірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети