Қазақстанның несие рейтингі расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның несие рейтингі расталды © REUTERS

2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз несие рейтингін "ВВВ" деңгейінде "тұрақты" болжамымен растады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз несие рейтингін "ВВВ" деңгейінде "тұрақты" болжамымен растады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор - мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ, 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер.

Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3 пайыз деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты.

Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңтайландыру арқылы кірістерді молайтады.

Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ, ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети