Қостанайда нан қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда нан қымбаттады © РИА Новости

Қостанайда әлеуметтік нанның бағасы 42-ден 46 теңгеге көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктегілердің айтуынша, әлеуметтік нанның бағасы бес жылдан бері өзгермеген. Наубайханадан шыққан бөлке нанның бағасы 40 теңге, ал дүкенде 42 теңге болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда әлеуметтік нанның бағасы 42-ден 46 теңгеге көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктегілердің айтуынша, әлеуметтік нанның бағасы бес жылдан бері өзгермеген. Наубайханадан шыққан бөлке нанның бағасы 40 теңге, ал дүкенде 42 теңге болды. 

Сонымен қатар, жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл баға Қазақстан бойынша ең төмен. "Наубайхана басшылары бағаны көтеру туралы мәселені бірнеше рет қозғады, себебі электр қуаты мен газдың тарифі және жанармай қымбаттап келеді. Соған байланысты біз әлеуметтік нанның бағасын көтердік, енді ол наубайханадан шыққанда 44 теңге, тиісінше дүкен сөрелерінде 46 теңгеден сатылады. Сондай-ақ біз мониторинг жүргіздік және біздегі нанның Қазақстан бойынша ең арзан екені анықталды. Әрине біз сатып алушылардың кейбіріне мұның ұнамай қалатынын біліп, күтіп отырмыз, дегенмен кәсіпкерлердің мүддесін түсіну керек, сапалы өнім шығару үшін оларға жағдай жасау қажет", - деді Қостанай әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ғазиз Қаленов.

Қостанайда әлеуметтік нан қалалық 20 наубайханадан шығады. Қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, Қостанайлықтар күніне 230 мың тұрғынға 100 мыңға жуық бөлке нанды пайдаланады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети