Қызылордада күріштің жаңа сорттары шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада күріштің жаңа сорттары шығарылды Фото all.biz сайтынан алынды

Қызылордада күріштің жаңа үш сорты өндіріске енгізіледі, - деп хабарлайды "24.kz".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада күріштің жаңа үш сорты өндіріске енгізіледі, - деп хабарлайды "24.kz".

Ғалымдардың айтуына қарағанда, жаңа сортты күріштер сапасы жағынан атақты "Ақмаржан" күрішінен кем түспейді. Мұның барлығы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өндіру ҒЗО қызметкерлерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде жергілікті шаруашылықтардың тәжірбиелік егін алқаптарында осы сұрып тұқымдары себіліп, сынақтан өткізілуде. Бұл күріш түрі 110 күнде пісіп жетіледі және масағындағы дәннің тығыздығы «Маржан» сортынан 2 есе артық.

Ғылыми зерттеу институты қорындағы 1,5 мың сорттың ішіндегі сапасы мен құнары жоғары тұқымдарды селекциялау арқылы ғалымдар бұл түрді соңғы 10 жылдан бері зерттеуге алған. 

Көп жылдық іріктеу жұмыстары өнімді көптеп алуға және інжу күрішінің сапасын арттыруға септігін тигізеді. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ директорының орынбасары Ибадулла Таутенов  "Сабан мен дәннің ара қатынасы бірде бір болса, бұл жерде дәннің үлесі 55%-ға дейін көтеріледі. Яғни қоректік заттар қосалқы өнім жасауға аз жұмсалады" - дейді. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети