11 ақпан 2014 | 16:13

Ірі сауда орындары импорт тауарлар құнын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Белый ветер" дүкені бірнеше сағатқа жабылды. ©Марат Әбілов Астанадағы "Белый ветер" дүкені бірнеше сағатқа жабылды. ©Марат Әбілов

Қазақстанның ірі сауда орындары теңге девальвациясына байланысты импорт тауарлардың құнын өзгертіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірнеше сағат бұрын ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап, теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұрудан бас тартып, бір долларға 185 теңге бағамын ұсынатыны туралы шешімді жария еткен болатын. "Астана-Моторс" компаниясының PR-қызметі машиналар құнының жаңа курс бойынша қайта есептелгенін хабарлады. "Біз автосалондарды жаппадық. Бағамдарды қайта қарадық. Автосалондарымызда баға ұлттық валюта бойынша қойылды", - дейді компания өкілдері. Техника сататын ірі дүкендерде де баға өзгерді. "Біз ашылдық. Барлық дүкен жұмыс істеп тұр. Баға шамамен 20%-ға артты. Интернет-дүкен әзірше жұмыс істеп тұрған жоқ", - дейді "Технодомның" Алматыдағы өкілдері. Дүкеннің Астанадағы өкілдіктері әзірше бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр, дегенмен сатып алушыларға кассада жаңа баға ұсынылған. Астанада "Магнум" көтерме дүкені жабылған, сауда орны өкілдері қазір ревизияға байланысты барлық филиалдың 14 ақпанға дейін жұмыс істемейтінін хабарлады. Астанада электроника мен тұрмыстық техника сатылатын "Белый ветер", "Мечта" дүкендерінде де сауда тоқтаған. Алғашқысының өкілдері магазиннің сағат 15.00-ге дейін қайта есептеуге жабылғанын хабарласа, "Мечта" сауда орны қашан ашылатынын жария етпеді. Tengrinews.kz тілшісіне сатып алушылардың бірі "Мечта" дүкенінде болған жайтты әңгімелеп берді. Ол бірнеше сағат бұрын дүкеннен шаңсорғыш, мультиасәзірлегіш пен теледидар таңдап үлгерген, бірақ кассир көп ұзамай тауар бағаларын алып, ештеңе сатылмайтынын айтқан. Бұған дейін хабарланғандай, елімізде ұлттық валютаның девальвациясы болды. Бұл жаңалық халықты әп-сәтте дүрліктіріп жіберді, айырбас пункттері валюталар бағамының орнығуын күтіп, уақытша жабылып қалды. Екінші деңгейлі банктерде бір доллардың құны 200 теңге болып кетті. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалалық қызметтерге девальвацияға байланысты бағаның шарықтап кетуіне жол бермеуді ескертіп, жедел мониторинг жүргізуді тапсырды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети