Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ресей автосалондары қазақстандықтарды WhatsApp арқылы шақыра бастады

06 Ақпан 2015, 17:18
0
©avtorinok.ru
©avtorinok.ru

Ресей автосалондары қазақстандықтарды WhatsApp арқылы өздеріне алдап шақыра бастады, - деп хабарлайды Qostanay.TV. 6 ақпан күні мыңдаған қазақстандықтың телефонына Нижний Новгород пен Саратов автодүкендерінен шақыру келіп түсті.

Порталдың мәліметінше, хабарламада Қазақстаннан барған көлік сатып алушыларға орасан зор жеңілдіктер қарастырылатыны жазылған.

"Біздің елге жіберілген хабарламаларда Hyundai автокөлігін сатып алушы қазақстандықтарға бірнеше мың долларға дейінгі жеңілдіктердің қарастырылатыны айтылған. Бұл жарнама Қазақстанға Ресейден әкелінетін көліктерге шектеу қою туралы қазір қызу талқыланып жатқан ұсыныс кезінде өзекті болып тұр. Көрші елдің бұл жарнамасы қаншалықты тиімді қызмет ететінін уақыт көрсетеді, осыған қарағанда Ресей автосалондары уақыт жоғалтпауға тырысып жатқан сияқты", - делінген жарияланымда. 

©Qostanay.TV

Еске сала кетейік, Қазақстанға Ресейден әкелінетін автокөліктерге тыйым салу туралы мәселені шенеуніктердің Мәскеуде талқылайтыны бұған дейін хабарланған болатын. Бір апта бұрын кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Ресейден әкелінетін тауарларға уақытша тыйым салу туралы үкіметке ұсыныс жасаған. Бұл идеяны еліміздегі банк саласындағылар да қолдады.    

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай