16 қыркүйек 2014 | 11:07

Ресей мен Беларусьтің агротехникасын қашанғы сатып ала береміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

agriculture.by agriculture.by

Қазірде біз білетін дамыған елдердің дені ауыл шаруашылығы саласын инновациялауға қатты мән беруде. Батыс елдерінде ауыл шаруашылығын механикаландыру және машина жасау жақсы жетілген. Дамыған мемлекеттерде техникамен толық қамтамасыз етілуі нәтижесінде астықты 5-10 күнде толық жиып-теріп алады, бізде бұл үрдіс ала жаздай үш айға созылады. Біз осы заманға сай агротехника жасап шығаруда неге самарқаумыз? "Алаш айнасы! бүгін осы тақырыпты талдап көруді жөн көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазірде біз білетін дамыған елдердің дені ауыл шаруашылығы саласын инновациялауға қатты мән беруде. Батыс елдерінде ауыл шаруашылығын механикаландыру және машина жасау жақсы жетілген. Дамыған мемлекеттерде техникамен толық қамтамасыз етілуі нәтижесінде астықты 5-10 күнде толық жиып-теріп алады, бізде бұл үрдіс ала жаздай үш айға созылады. Біз осы заманға сай агротехника жасап шығаруда неге самарқаумыз? "Алаш айнасы! бүгін осы тақырыпты талдап көруді жөн көрді.

Мамандардың пайымдауынша, Қазақстанда нақты ауыл шаруашылығы техникасын жасау және оны сату жүйесі қалыптаспаған. Тұтынушылар өзімізде дайындалған техника және қосалқы бөлшектермен бар-жоғы 1 пайызға қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні «ауылшаруашылық машиналарын кім жасайды, кім құрастырады, қай зауытта жасап шығарылады, оны сынақтан кім өткізеді» деген сауалдарға жауап жоқ. Машина жасауға деген ғалымдар тарапынан ұсыныстар, идея бар. Бірақ сол идеяны одан әрі пісіріп жетілдіру жоқ.

Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:

– Үйлестіру ұйымының жоқтығынан бұл сала құлдырау жағдайында тұр. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласын техникамен қамтамасыз ету үшін шетелге тәуелді болып қалдық. Қазір егіс алқабында жүрген техникаларымыздың 99 пайызы - шетелден сатып алынған машиналар. Шетел бізге жақсысысын береді дегенге өз басым сенбеймін. Сол шетелдік техникалардың біразының «техникалық және технологиялық сараптамасыз, сынаудан өтпеген, мөлшерлемелі-техникалық құжаттарсыз сатып алынуда» дегенді де естіп қалып жүрміз. Ендеше, бұл салада бізге егіндік жиын-теру барысында өз несібемізді өзгенің техникасы арқылы жинамай, отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын кез жетті. Бұған мемлекеттік тұрғыда мән беру керек.

Негізінде, әлем бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын жасап шығаратын 5 мыңға жуық фирмалар мен кәсіпорындар бар. Қазірде біздің егіс алқабымызда жүрген техникалардың дені - Беларусь пен Ресейдің өнімі. Жыл сайын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері осы екі елдің техникасы бар, басқасы бар 1 млрд доллардан астам қаражатқа шамамен 2-3 мың бірлік әртүрлі техника сатып алады. Бұл ретте техникаға деген жыл сайынғы қажеттілік шамамен 4-4,5 мың бірлікті құрайтынын айта кету керек. Бұған қоса біз ауыл шаруашылығы техникаларын кепілді түрде өткізу, яғни лизинг құралын жұмылдыру арқылы да сатып аламыз. Жыл сайын тиісті орындардың араласуымен лизинг арқылы шамамен 2,5-3 мың бірлік әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынады. Мамандар әйтсе де бізде осы лизингтік қызмет түрін жетілдіру үрдісін әлі де жетілдіру қажеттігін алға тартуда. Бұл ретте ғалым Жаңабай Алдабергенов тағы да былай дейді:

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети