Ресей телеарналарына сұхбат берген еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов көрші елге тұс-тұстан салынып жатқан санкциялар Қазақстан үшін аса қорқыныш тудырмайтынын алға тартты.
Ресей телеарналарына сұхбат берген еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов көрші елге тұс-тұстан салынып жатқан санкциялар Қазақстан үшін аса қорқыныш тудырмайтынын алға тартты.
«Бұл ретте Қазақстанның өзіндік қорғаныстары бар. Рубль құнының түсуі, Ресейге салынып жатқан санкциялардың салқыны Қазақстанға анағұрлым әсер ете қоймайды. Еліміздің алтын валюта қоры (100 млрд. доллар) қомақты. Бұл біздің басты қорғанышымыз. Бұған қоса егер әлемдік нарықта мұнай бағамы 80 доллар болса, онда Ресей рублі 43 теңгені құрайды. Міне, сонда мазасыздануға болады. Ал әзірге қауіптенетіндей еш негіз жоқ» деді Келімбетов.
Жалпы, Ресейге салынып жатқан санкцияларға қатысты бұған дейін де бірқатар мамандар Қазақстанның осы сәтті ұтымды пайдалануы керектігін айтқан болатын. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова да бұл санкциялардың Қазақстанға кері әсері болмайтынын нықтаған еді. Оның айтуынша, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Украина дағдарысы шеңберіндегі Ресейге жасалып жатқан санкциялардың салдарын, оның ішінде Қазақстан экономикасына ықтимал әсерін зерттеп, бірқатар қорытындыларға келген.
«Ресей мен Батыстың өзара экономикалық қақтығысынан Қазақстан экономикасына айтарлықтай қауіп күтілмейді. Рас, қазіргідей санкциялар алмасу бүкіл әлемдік экономиканың тежелуіне әсер етпей қоймайды. Соның ішінде санкциялар нәтижесінде ағымдағы жылы Ресей экономикасында стагнация (тұралау) жалғасатыны, ал еуропалық экономиканың шығыны 2 жылда 100 млрд доллар шамасында немесе Еуропа экономикасының ІЖӨ-дегі 0,3 пайызына тең болатыны болжанып жүр. Бұл аз көрсеткіш емес. Мұндай бағалауға сүйенсек...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...