Соңғы күндері рублдің рекордтық көрсеткішпен құлдырауын Ресей билігі халықаралық нарықтағы мұнай бағасының төмендеуімен түсіндіреді. Алайда "Алаш айнасы" сұрастырған отандық сарапшылар бұл, негізінен, АҚШ пен Еуропалық одақтың Ресейге қарсы сілтеген санкциясының, сондай-ақ елде кең етек алған сыбайлас жемқорлықтың салдары екенін айтады. Бастысы, мұндай жағдайда, өкінішке қарай, Ресей рублімен қол ұстасқан қазақ теңгесінен де күш кетуі әбден мүмкін. Мамандардың айутынша, бұл құбылыс алдағы желтоқсан айында орын алатын көрінеді...
Соңғы күндері рублдің рекордтық көрсеткішпен құлдырауын Ресей билігі халықаралық нарықтағы мұнай бағасының төмендеуімен түсіндіреді. Алайда "Алаш айнасы" сұрастырған отандық сарапшылар бұл, негізінен, АҚШ пен Еуропалық одақтың Ресейге қарсы сілтеген санкциясының, сондай-ақ елде кең етек алған сыбайлас жемқорлықтың салдары екенін айтады. Бастысы, мұндай жағдайда, өкінішке қарай, Ресей рублімен қол ұстасқан қазақ теңгесінен де күш кетуі әбден мүмкін. Мамандардың айутынша, бұл құбылыс алдағы желтоқсан айында орын алатын көрінеді...
Соңғы екі-үш күн ішінде 1 долларға шаққандағы Ресей рублі сағаттап тиын қосып, өзінің рекордтық деңгейіне жетті: 39,70 рубль. Алдында рубль 39,38 маңына тұрақтаған еді. Алайда бұл уақытша құбылыс боп шықты. Ресейдің орталық банкі және кейбір мамандар рубльдің күрт қымбаттауы халықаралық нарықтағы мұнай бағасының арзандауымен түсіндірген. Бірақ отандық мамандар пікірі бұл ретте басқалай.
Әзірге, еліміздегі валюта айырбас пункттері Ұлттық банк белгілеген шекті сақтап тұр. Соңғы валюталық дәліздегі өзгеріске сәйкес, бізде 1 доллардың бағасы 188 теңгеден аспауы тиіс. Алматыдағы валюта айырбас пункттерінде қазір доллар 183 теңгеге, ал евро 232 теңгеге сатылып жатыр. Ұлттық банк мәліметі бойынша, бір ай ішінде америкалық ақша 0,1 пайызға нығайған.
Естеріңізге сала кетелік, ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов алдындағы бір мәлімдемесінде "мұнай бағасы 80 долларды, ал ресейлік рубль 43 долларды маңайлай бастаса, онда теңге бағамына қатысты алаңдай бастауға болады" деген еді. Ал рубль бір-екі күн ішінде екі аттап 40 рублге жетіп қалды. Осы екпіні басылмаса, ар жағынан 43 те төбе көрсетейін деп тұр. Ресейлік сарапшылар рублдің әлі де қымбаттауын болжап , мәлімдеп те жатыр. Оның бір-екеуін назарларыңызға ұсына кетелік. Мәселен, РИКОМ қаржылық топтарының аға сарапшысы Владислав Жуковский, тіпті жыл соңына дейін доллардың құны 50 рубль болатынын, бірақ оның Ресей экономикасына оң ықпал етпейтінін айтады. "Көбіне девальвация ел экономикасына қосымша қаражат құйып, қан жүгірту үшін жасалады. Бірақ біздің жағдайымызда емес. Өйткені девальвациядан көбейтілген қордағы ақшаны нақты секторға, ауылшаруашылығына, құрылысқа және тағы басқа салаларға инвестициялау керек. Ол үшін қаржы министрлігі мен орталық банк салық, несие, қор, тариф және басқасының барлығын қайтадан қарап, жаңаша түзіп шығуы тиіс. Алайда бізде оған ешкімнің бас қатырғысы жоқ. Сондықтан айналымда артылған ақша өндірістерге жұмсалмағандықтан дамуға емес, тоқырауға апарады. Мұндай артық ақша массасы жыл соңына дейін доллар бағасын 50 рублге дейін қымбаттатуы ықтимал" дейді орыстың бір салалық басылымына білдірген пікірінде ол. Ал Ғаламдану мәселелері институтының директоры Михаил Делягин шикізат табысына байланған Ресей билігі ай аман, күн тынышта оның бағасын қолдан өсіріп отыратынын, онда да ол қаражат елді дамыту үшін емес, ат төбеліндей топтың «аузын майлау» үшін жұмсайтынын айтады. "Қазір, тіптен жақсы болды. Ілік ететін батыс санкциясы бар, сол секілді одан орасан зардап шегіп жатқан элитасымақтар да билікке қарай бұрынғысынан да аузын ашып отыр. Сондықтан рубль девальвациясы міндетті түрде орын алады әрі ол тоқсан сайын көрініс тауып жатпайтындығына кепілдік бере алмаймын " деген өз сайтында жариялаған рубль бағамына қатысты мақаласында.
Осының барлығын есепке алсақ, демек, біз теңге девальвациясынан қашып құтыла алмаймыз. Ал Ресей рублінің әлсіреуі неге теңгеге әсер етуі тиіс деген бұл арада заңды сауал туындайды...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...