18 қыркүйек 2014 | 09:59

Ресей салықты өсірсе, қазақстандық кәсіпкерлердің жайы не болмақ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Біз бұған дейін де Ресейге Еуроодақ тарапынан салынып жатқан санкциялардың әсері жайлап біліне бастайтынын, енді Ресейдің мемлекеттік компанияларын қаржыландыруы, ірі жобаларына инвесторлар тартуы, банктерінің ауқымды жобаларды қаржыландыру үрдісі қиындай түсетінін бірнеше мәрте қозғадық. «Алаш айнасы» бұған қатысты арнайы мамандармен тілдесе отырып бірнеше тақырыптарды қаузады. Ал енді біздің бүгінгі тақырыбымыз нақ қазір Ресейде өте өзекті бола түскен жайттардың бірі – кәсіп иелеріне қосымша құн салығын көтеру мәселесі. Санкциялар салқынынан абдыраған Ресейде қазір қосымша құн салығын көтеру-көтермеу жайы қызу талқыға түсуде. Бұл жайында кеше ғана Ресей үкімет басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов «Ресей экономикасының өсімі тежеліп, кідіріп қалмауы керек. Қазіргі экономикалық рейтингіміздің төмендеуі біздегі салық саласына өзгерістер енгізу қажеттігін меңзеп тұр» деді.

Иконка комментария блок соц сети

Сөйтіп, Ресей өзінен «қашып» жатқан капиталдардың орнын салықты өсіру арқылы толтыруды көздеп отыр. Ал көршілес жатқан елдің бұлайша салықты өсіруі әсіресе қосымша құн салығын өсіруі біздегі кәсіпкерлерге қалай әсер етеді? Талдап көрелік...

Ресей кәсіпкерлерінің құқын қорғаушы Борис Титов Шуваловтың бұл мәлімдемесіне қатысты «бұл кәсіпкерлікті тұншықтыру» деп сол заматта-ақ айтты. Титовтың пайымдауынша, егер Ресей қосымша құн салығын өсіретін болса бұл тек өз ішіндегі кәсіп иелеріне ғана әсер етіп қоймайды. Ресейдің мұндай қадамы шекара маңындағы интеграциялану үрдісіне де кері әсер етеді. Әсіресе Кедендік Одақ аясында біріккен елдер үшін өнім алмасу жағына кері ықпал етпек. Ресейлік бизнес-омбудсменінің бұл пікірін отандық сарапшыларымыз да жоққа шығармайды.

Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:

– Қазір Ресей түрлі салық көлемін өсіре бастады. Мәселен, баспананың 1 шаршы метріне төленетін салық көлемі шамамен 10 мың теңге болмақшы. Сонда Ресейде 130 шаршы метр баспанасы болса, ол үшін салық төлеуші теңгеге шаққанда 130 мың теңге төлеуі керек. Сол тәрізді Ресей болашақта қосымша құн салығын (ҚҚС) 18 пайыздан өсіреміз деп отыр. Ресейде ҚҚС 18 пайыз, Қазақстанда 12 пайыз, ал Беларусьте 20 пайыз. Енді ойлаңыз, былтыр Беларусь өкіметіне кәсіпкерлер салықты төмендетуді ұсынды. Сонда Беларусьтің өкіметіндегі жауапты тұлғалар «салықты төмендетсе, бюджет шығын көреді» деп ұсынысты кері қайтарды. Қазір бізде ғана қосымша құны салығы 12 пайыз. Ал қалған бізбен одақтас Ресей мен Беларусьте салық жоғары. Біз Беларусьті қоспай-ақ тауар алмасатын көршіміз, одақтасымыз Ресей деп есептегеннің өзінде бұл үрдіс біздегі кәсіпкерлерге кедергі болайын деп тұр. Мысалы, біздің кәсіпкерлер Ресейге өнім шығару үшін Қазақстанда 12 пайыз, Ресейде 18 пайыз қосымша құн салығын төлейді. Жалпы есебі - 30 пайыз. Осы 30 пайыз салықтың өзі кәсіп иелеріне қазірде ауырлық етуде. Ал енді салық одан әрі өсетін болса бұл шағын және орта бизнестің дамуына анағұрлым әсер ететін дүние. Екі ел арасындағы алыс-беріс жағын ескерсек, бұл кәсіп иелерінің қалталарына айтарлықтай салмақ салады. Бұдан барып олар шығарған өнімдерін ішкі нарыққа жібергенде де қымбаттатуға мәжбүр болады. Ал мұның арты инфляцияның байлап-матауға көнбейтінін дәлелдейді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети