Санкциядан тыс Батыс Ресейге қарсы тағы бір тоқпақ даярлап отыр. Күні кеше он жылға созылған ЮКОС компаниясы акционерлері мен Ресей мемлекеті арасындағы дау-дамайға Гаага соты нүкте қойып, шешім шығарды. Сөйтіп Ресейге аталған компанияны заңсыз мемлекет меншігіне алғаны үшін 50 млрд доллар өтеу міндеттелді. Сарапшылардың айтуынша, Ресей бұл соманы төлемесе, халықаралық сот Газпром мен Роснефтті айналдыра бастайды. Бұл - Батыстың Ресейдің қол-аяғын шырмап қана қоймай, төбесінен тоқпақтауға шындап кірісетінін байқататын факт. Жалпы, қиын-қыстау кезеңге тап келген Ресей ЮКОС бойынша талап етілген 50 миллиард долларды өтеуден бас тарта ала ма? Ресей үшін маңызды шешімнің бірі болғандықтан, «Алаш айнасы» басылымы осы сауалға жауап іздестіріп көрмекші.

Негізінен, ЮКОС бойынша дау-дамай 10 жыл бұрын басталған. 2006 жылы шикізаттық компания ЮКОС банкрот деп танылған. Өйткені компания шетелдік банктерге 500 миллион доллар қарыз боп қалған. Кейіннен бұл қарызды «Роснефть» сатып алады да ЮКОС-тың көзін жояды. Алайда компанияның бұрынғы басшылары халықаралық сотқа арызданады. Ал Гаага соты Ресей энергетикалық хартияны бұзып, ЮКОС-тың активтерін заңсыз иемденді деген шешім шығарған. Осыған дейін бұл ретте Ресейге 114 млрд доллар өтемақы төлеу де міндеттелген. Бірақ Ресей мұндай шешіммен келіспей, бұл халықаралық сот процесі бүгінге дейін, яғни он жылға созылған. Алайда Сочи олимпиадасын өткізер алдында Ресей осы компанияның бұрынғы акционері М.Ходорковскиді түрмеден босатады. Сол кезде бұған көпшілік қатты таң қалысып еді. Өйткені В.Путин ЮКОС-қа қатысты сөз боп қалған жерлерде «Ходорковский сияқтылардың орны түрмеде, оларды босату туралы сөз етушілердікі – шығын» деп айтып отыратын. Демек, бұл ретте Батыс бір ықпал тетігін тапқаны анық. Әрі бұл жолғы талап етілген сома алдыңғысынан әлдеқайда қысқарған. Осы жағынан алғанда, Ходорковскиді түрмеден босату құны 60-70 млрд долларға бағаланған болуы да мүмкін.
Қалай дегенмен де Батыс санкциямен қатар осы ықпал тетігін әрмен қарай пайдалана беретіндігін бүгін тағы анық аңғартуда. Бұл арада ЮКОС мәселесі Ресей бюджетінің басты табыскерлері - Роснефть пен Газпромды да дау-дамайға тартуы әбден мүмкін екен. Бұл - әбден әлсіреген қарсыласын аяқтан шалып құлатуға пара-пар келетін күрес тәсілі. Сондықтан да ол аса қауіпті. Екі ірі шикізаттық компанияның дауға тартылуы жайлы осы мәселеге қатысты шешім шыққаннан кейін Ходорковскидің өзі баспасөзге берген сұхбатында мәлімдеген. Сөзбе-сөз тоқтала кетелік: «Гаага сотының шешімі «Роснефть» пен «Газпром» мемлекеттік энергетикалық компанияларының ізіне түсуге негіз бола алады (алғашқысы ЮКОС құрамындағы «Юганскнефтегаз» активін, екіншісі «Сибнефтті» заңсыз иемденген), яғни бұл екі компанияны шекарадан тыс жерде заңдық мәселелер үнемі күтіп тұратын болады».
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.