Ресейден АИ-92 жанармайының қосымша көлемі жеткізілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз - өңдеу мен маркетинг" компаниясының сайтына сілтеме жасап.
Ресейден АИ-92 жанармайының қосымша көлемі жеткізілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз - өңдеу мен маркетинг" компаниясының сайтына сілтеме жасап.
"Жағымсыз экономикалық эффект пен болуы мүмкін шығынға қарамастан 2014 жылдың тамыз айында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ресейлік компаниялармен ("Башнефть", "ЛУКОЙЛ" және т.б) 34 мың тонна мұнай өнімдері импорты үшін қосымша келісімшарттар бекітті, оның ішінде, АИ-92 маркалы бензині - 10 мың тонна, АИ-95 - 5 мың тонна, дизель отыны - 19 мың тонна. Мұнай өнімдерін Қазақстанға әкелу мерзімі - осы жылдың тамызының аяғы мен қыркүйектің басы", - делінген хабарламада.
Жеткізілуі тиіс 10 мың тонна АИ-92 маркалы жанармайдың 6,2 мың тоннасы және 34 мың тонна дизель отынының 9,4 мың тоннасы тиеліп қойған. "Мұнай өнімдерінің жоғарыда айтылған көлемінен бөлек, ҚР сұранысын қанағаттандыру үшін қыркүйекте қосымша тағы 176 мың тоннаға жуық мұнай өнімдерін импорттау қажет. Оның ішінде, АИ-92 маркалы бензині - 140 мың тонна, дизель отыны - 36 мың тоннаға жуық", - делінген сайтта. Бүгінде ресейлік компаниялармен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, қыркүйекте АИ-92 маркалы бензиннің 50 мың тоннасы мен дизель отынының 35 мың тоннасын қосымша тағы әкелу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Хабарламада мұнай өнімдері балансы елде, тұтас алғанда, өзгермегені, сондықтан "ҚМГӨ" және нарықтың басқа да қатысушылары тарапынан қолға алынған шаралардың жанар-жағармайдың бөлшек саудасындағы ахуалдың тұрақтануына және АИ-92 маркалы жанармайға қатысты шектеулердің алынуына септігін тигізуі тиіс екені айтылған.