Кешелі бері Ресейдің қор нарығында тағы құлдырау басталып, бірқатар шикізат компаниялары мен банктерінің акцияларының құны қайта түсе бастады. Бұл үрдіс бұдан бұрын биылғы наурыз айында орын алған болатын. Ол кезде Ресейдің қор нарығындағы ірі-ірі компанияларының құнды қағаздары 12 пайыздық деңгейде шығынға ұшырап абдырап қалған еді. Ал кеше тағы да ресейлік 14 ірі компанияның акциялары біраз құнын жоғалтты. Біз бұл компаниялардың тізімін, акцияларының құны қанша пайызға төмендегенін мақала соңында арнайы кестеге тізіп көрсеттік. Біз үшін қазіргі маңыздысы «Ресей қор нарыңындағы құлдыраудың Қазақстанға әсері бар ма? Бұл үрдіс біздегі инвесторлардың көңіл күйіне қалай әсер етеді?» деген сауалдарға жауап іздеу. Ендеше талдап көрелік.
Жалпы, Алаш айнасына пікір білдірген мамандардың байыптауынша, Ресейдің қор биржаларындағы қазіргі құлдырау 2008 жылы тамызда Ресейдің Оңтүстік Осетияға әскер енгізген тұсында болған құлдыраудан екі есе асып түскен. «Осылайша Ресейдің қор нарығындағы инвестиция барынша орталанып қалды. Ал мұның бізге әсері жоқ деп қамсыз отыруға болмайды» дейді мамандар.
Сөйтіп, Ресейдің қор нарығындағы ахуалдың кері құбылуы жақсы нышан емес. Экономист-сарапшы Мейрам Қабдрахманұлы «мұның бізге кері әсер етер бірнеше факторлары бар» дейді. Атап көрсетсек:

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...