05 қыркүйек 2014 | 09:49

Ресейдің мемлекеттік компанияларына салынған санкция бізге қалай әсер етеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

*** ***

Еуропа Ресейге қатысты санкцияларын тағы күшейтпек. Мұны кеше Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерин мәлімдеді. Ол бұл жолы Ресейдің электронды құрылғылар, өндіріске қажетті техникалық жабдықтар және басқа қажеттіліктер шығаратын мемлекеттік компаниялары санкциялар тізіміне ілінетінін алға тартты.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропа Ресейге қатысты санкцияларын тағы күшейтпек. Мұны кеше Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерин мәлімдеді. Ол бұл жолы Ресейдің электронды құрылғылар, өндіріске қажетті техникалық жабдықтар және басқа қажеттіліктер шығаратын мемлекеттік компаниялары санкциялар тізіміне ілінетінін алға тартты.

Бұл туралы Могерин: «Біз бұған дейін де Еуропа азаматтарына Ресей компанияларының акцияларын сатып алуға тыйым салатынымызды, Ресеймен екіжақты тауар алмасуға шектеу қоятынымызды, Ресейдің ауқымды экономикалық-мәдени-спорттық іс-шараларға қатысуын шектейтінімізді ашып айтқан болатынбыз. Болашақта Ресейдің мемлекеттік компанияларына салынатын санкциялар күшіне енбек. Бұл туралы 5 қыркүйекте, жұма күні арнайы тізім жариялаймыз» - деді.

Ал енді бұл жайт кімге қалай әсер етеді? Мұның Қазақстанға өзіндік әсері бар ма? «Алаш айнасы» мұны да сараптап көруді жөн санады.

Негізінде, Ресейге Еуропа тарапынан жыл басынан бері бірнеше сакнциялар салынды. Оған Мәскеудің қарымта жауап қайтаруы да толастамады. Әлемдік сарапшылардың байыптауынша, Еуроодақ пен Ресей Федерациясының арасындағы «санкциялар соғысына» Батыстың өзі қазірде тым алаңдап отыр. Себебі бұл мәселе өзге әлем елдеріне де кері ықпал ете бастаған. Мәселен, Грекия Ресейдің бір ғана ауыл шаруашылығы тауарлары импортына салынған тыйымынан 180 миллион долларға шығын көрсе, Нидерландының санкциялардан көретін шығыны 1,5 млрд доллар шамасында болғалы тұр. Сол сияқты Латвия өзінің ұлттық валютасымен есептегенде 55 млн қаржысын жоғалтады. Ал енді Ресейдің өнім өндіретін ірі мемлекеттік компанияларына санкциялар тереңдетілетін болса, онда бұл шығындар еселене бермек. Мұның салдарынан туындайтын қиындықтар да жоқ емес.

Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:

– Ресейге бұдан былай мемлекеттік компанияларын қаржыландыру қиындай түседі. Мысалы, қазірдің өзінде қаржыдан тарыққан «Газпром» Қытайға шикізат тасымалдау үшін құбыр сала бастады. Қытай нарығына шикізат тасымалдайтын «Сібір күші» атты магистральдық газ құбырының құрылысын 1 қыркүйектен бастап кетті. «Газпром» бұл жерде жобаны қаржыландыруға қанша жерден қиналса да, «Роснефтьтің» алдын орап кетуі үшін, одан бұрын құбыр салуға таласып кірісіп те кетті. Енді ойлап қарасаңыз, Ресейдің өз ішінде мемлекеттік компанияларының қаржыға, бір-бірімен жобаға таласуы басталады. Бір ғана «Газпром» емес, енді өндіріске қажетті құралдар, құбырлар, электронды құрылғылар шығаратын команиялары қаржыдан тарыға бастайды. Еуропаның инвесторлары Ресейден қашып жатыр. Инвестицияға салған капиталдарын қысқартты, қайсыбірі салған инвестициясын алып кетті. Соңғы үш жылда Ресейге инвестиция тұрақтамады. Еуроодақ санкция салса, Ресей оған жауапты санкцияларын тағы ұсынады. Осылайша санкциялар алмасу жалғаса беретін болса, бұл әлемдік экономикаға кері ықпалын тигізбей қоймайды. Сондықтан бұл жерде Ресейдің Украинамен мәмлеге келуі қай ел үшін де маңызды.

«Алаш айнасына» пікір білдірген экономист-сарапшылар да Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан экономикасына ықтимал әсерін зерттеп, бірқатар қорытындыларға келген.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети