Осы аптада Ресейдің Орталық банкі рубльді еркін айналымға жіберді. Осылайша Орталық банкі ұлттық валютасының айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тартты. Сөйтіп, қазірде Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр.
Осы аптада Ресейдің Орталық банкі рубльді еркін айналымға жіберді. Осылайша Орталық банкі ұлттық валютасының айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тартты. Сөйтіп, қазірде Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр.
Естеріңізде болса, көрші елдің Орталық банкі бұдан бұрын 2013 жылдың соңында рублін еркін айналымға жіберген болатын. Сол сәтте бір рублдің бір АҚШ долларына деген бағамы 7,1 пайызға әлсіреген еді. Бұдан соң биылғы жылдың қаңтарында Ресей рублінің әлсіреуі тағы жалғасты. Ол сәтте рубль 10 пайызға арзандап кетті. Іле-шала 2014 жылдың ақпаны басталысымен Үлттық банк біздің де теңгемізді 20 пайызға құлдыратты. Міне, содан бері әліптің артын бағып, Ресей рублінің аңысын аңдып отырғанымыз жасырын емес. Тіпті бұған қатысты «Ресейдің ұлттық валютасының құны түсіп жатыр, бізде де девальвация тағы қайталанады» деп жар салып жүргендер де баршылық.
Сонымен РФ Орталық банкі рублді босатты. Ал оның әсері бізге қалай болады? «Алаш айнасы» мұны таразылап көруді жөн көрді.
Ресейдің алтын-валюта қоры азайып кетті...
Мамандардың пайымдауынша, Ресейдің ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуі жақсы нышан емес. «Мұның арты теңгенің девалвацияға ұшырауына апарып соқтыруы да мүмкін. Экономикасы Ресеймен байланған мемлекет ретінде біз бұдан қауіптенуіміз керек» дейді мамандар.
Тоғжан Шаяхметова, экономист-сарапшы:
– Теңгенің рубльге қарайлайтынынын мойындауымыз керек. Себебі –Ресей мен Қазақстанның экономикасы қатты ұқсас, екеуі де мұнай экспорттайтын елдер. Оның үстіне, Қазақстан үшін негізгі сауда әріптестерінің бірі және мұнайдан басқа экспортын тұтынатын негізгі ел Ресей екенін біз ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз бұл жерде экономикасы байланып отырған ел ретінде теңгенің құнын тағы түсіруімізге тура келеді. Қазір Ресей өзінің алтын валюта қорын азайтып алып отыр. Алтын валюта қоры азайған елдің ұлттық валютасының да құны түсе береді. Бұған қоса Ресейдің құнды қағаздар нарығындағы инвестиция көлемі де тым орталанып кетті. Мұның барлығы рубльдің құнын түсірмесе өсірмейді. Әрине, Ресей уақытша ұстап тұра алар, бірақ ол көпке созылмайды.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.