Ресейге қарсы санкциялар өмір бойы сақталуы мүмкін. Мұндай пікірмен Tengrinews.kz тілшісімен TeleTrade компаниясының аналитигі Александр Егоров бөлісті.
Ресейге қарсы санкциялар өмір бойы сақталуы мүмкін. Мұндай пікірмен Tengrinews.kz тілшісімен TeleTrade компаниясының аналитигі Александр Егоров бөлісті.
Егоровтың айтуынша, Ресейдің индекстеріне қазір геосаяси факторлар әсер етіп отыр. Еске сала кетейік, 16 наурызда Германия канслері Ангела Меркель Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуі барысында егер Украинада бітімгершілік болмаса, Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізуге дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар, Меркель мұны аса қажет болған жағдайда ғана жасау мүмкін екенін айтты.
"Біз бұл "аса қажеттіліктің" өте оңай пайда бола салатынын жақсы түсінеміз. Бірақ бәрінен де маңыздысы, Қырымның Ресейге қосылуына Батыстың әлі де аннексия деген баға беруінде және оның зардабын ресейлік экономиканың көруіне тура келіп отыр. Меркельдің айтуынша, Қырым Украинаға қайтарылуы тиіс және Германия да, Еуроодақ та референдум қорытындысын мойындамайды", - деді спикер. Ол сонымен қатар, осыған ұқсас риторикамен 16 наурызда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псакидің сөз сөйлегенін айтты.
"Оның айтуынша, Қырымның Ресейге қосылуынан кейін АҚШ-та қабылданған Ресейге қарсы санкциялар түбек Украинаға қайтарылғанға дейін өз күшін жоймайды. Яғни, осыған қарағанда, санкциялар өмір бойы сақталады. Ал бұл дегеніміз, Ресей экономикасына ең кемі қатысушы елдердегі саяси тәртіп өзгермейінше экономикалық және қаржылай блокадаға төтеп беруге тура келеді. Бірақ осы теріс факторлардың жағымды тұстары да бар - ақыры нақытылық орнады, енді бізге Еуроодақтың кезекті саммитінде Ресейге қарсы санкциялар алынып тастала ма деп жорамалдаудың қажеті жоқ", - деді Егоров. Сонымен қатар, аналитик 16 наурызда баррелі 53 доллардан төмен түскен Brent маркалы мұнай бағасының ресейлік нарыққа кері әсер етіп жатқанын да айтып өтті. Қазіргі таңда баға 54 долларға жақындап қалды.