Ресейге қарсы санкцияларға байланысты мұнай қымбаттап жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейге қарсы санкцияларға байланысты мұнай қымбаттап жатыр Фото ©REUTERS

Мұнай бағасы өсіп жатыр. Бұған Ресейге қарсы енгізілген санкциялар әсер етіп жатыр. Бұл ақпарат Лондон биржасындағы сауда деректері бойынша расталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасы өсіп жатыр. Бұған Ресейге қарсы енгізілген санкциялар әсер етіп жатыр. Бұл ақпарат Лондон биржасындағы сауда деректері бойынша расталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 11.54-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы 4,667 пайызға, барреліне 102,5 долларға дейін, Brent-тің мамыр фьючерстерінің бағасы 5,291 пайызға, 99,1 долларға дейін өсті. Сәуірдегі WTI фьючерстері 5,459 пайызға, барреліне 96,59 долларға дейін өсті.

РИА Новости мәліметінше, бірқатар ел, соның ішінде АҚШ пен ЕО елдері Украинада әскери операция басталғаннан кейін Ресейге қарсы шектеу шараларын енгізді. Бұған дейін Германия үкіметі АҚШ, Канада, Ұлыбритания және ЕО елдері бірқатар ресейлік банкті SWIFT-тен ажыратқысы келетінін мәлімдеді.

Сарапшылар өте қысқа мерзімде мұнай одан әрі қымбаттауы мүмкін екенін, осыған байланысты Brent бойынша айлық болжам барреліне 95 доллардан 115 долларға дейін артатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети