15 қыркүйек 2014 16:35

Ресейге салынған жаңа санкциялардың Қазақстанға қандай ықпалы бар?

Алаш айнасы иллюстрациясы

Өткен жұма күні Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар легін жариялады. Бұдан былай еуропалық компанияларға Ресейге мұнай өндіру және барлау қызметін ұсынуға тыйым салынады. Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік банктеріне несие алуға шектеу де күшіне енді. "Роснефть", "Транснефть", "Газпром нефть", "Оборонпром", ОАК, "Уралвагонзавод" компаниялары да санкциялар қаһарына ілігіп отыр. Бұған қоса Ресейдің ірі инвесторларына Еуропа 30 күннен артық мерзімге несие бермейтін болды. Нақ осындай мерзімде несиені жаңа құнды қағаздармен, акциялармен, басқа да қаржы құралдарымен сатып алуға да тыйым салынды. Айта кету керек, бұған дейін несиелер мен құнды қағаздарға қатысты шектеулер болмаған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram