09 қазан 2014 | 13:57

Рубльдің құнсыздануы теңгеге қиын болмай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков (фото) ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Мәскеу қор биржасындағы ашық саудада бүгін бір АҚШ долларының бағамы 40 рубльден асты. Доллар бағамы биржаның бүгінгі алғашқы саудасында 8 тиынға өсіп, 40 рубль 08 тиынға жетті. Еуро да 22 тиынға қымбаттап, 50 рубль 82 тиынға таяды. Осылайша доллар мен еуро құнын қоса алғандағы ортақ бивалюталық бағам 44 рубль 91 тиынға дейін өсті. Бұған дейін 3 қазан күні Ресейдің орталық банкі валюта жұбы бағамы шегін 10 тиынға дейінгі шамаға еркін жіберген. Қазанның 1-і күні валюта жұбының құны белгіленген шегі - 44 рубль 40 тиыннан асып кеткен соң Ресей орталық банкі валюта бағамының құбылуын төмендету үшін валюталық интервенцияны қайта жүргізе бастаған еді.

Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік сарапшылардың дерегі бойынша, соңғы үш күнде Ресей орталық банкі рубльді қолдау үшін 454,2 миллиард АҚШ долларын жұмсаған. Ресей сарапшылары бұған қоса әлемдік нарықта мұнай бағасының да түсіп бара жатқанына, қараша айына арналған биржалық келісімшарт бойынша Brent маркалы мұнай баррелі 91 АҚШ доллары болып саудаланғанына қатты алаңдауда. Айта кету керек, шілде айынан бері аталмыш маркалы мұнай бағасы 21 пайызға дейін арзандаған. Ресейдің Urals маркалы мұнайының құнын бағалау үшін дәл осы Brent маркасы қолданылады.

Қазір Ресей қаржы министрі Антон Силуанов егер мұнай бағасы арзандай беретін болса, бюджет көлемі азаятынын, рубльдің бағамы одан әрі құнсыздана беретінін ескертіп отыр. «Ұлттық валюта бағамына және мұнай бағамына қатысты арзандау ары қарай да жалғаса берсе, Ресей билігі өз міндеттерін қайта қарауға мәжбүр болады» дейді Антон Силуанов.

Сонымен Ресей рубльі күн өткен сайын өз құнын жоғалтуда. Рубльдің құнсыздануы қатысты халықаралық Экономикалық даму орталығының сарапшылары «Ресейден сыртқа жылыстайтын капитал қазіргі қарқынын азайтпаса, 2014 жылдың соңына таман рубль тағы да 20 пайызға түседі» деп құлаққағыс жасаған болатын. Мұны біз Алаш айнасында бұған дейін де жаздық. Халықаралық экономикалық даму орталығының болжамы бойынша биыл Ресейден капиталдың жылыстауы күшейіп, 70 млрд. долларға дейін қаржы сыртқа кетіп қалмақ. 2013 жылы Ресейден 63 млрд. доллар сыртқа кеткен. Ал бұдан пайымдайтынымыз, Ресей экономикасындағы тұралаудың әлі де тереңдей түсетіні. «Ресейдің ұлттық валютасының күнара құнсыздануының өзі осыдан астар береді» дейді мамандар.

Ал енді бұлайша рубльдің құбылуы теңгені соңынан ерте ме? Экономикалық бірыңғай кеңістікке біріккен ел ретінде біз бұдан не күтеміз? Қандай шараларды қарастырғанымыз абзал?

Отандық сарапшылардың бір парасы «2008 жылы Грузиядағы шиеленіс пен қаржылық дағдарыс кезінде де рубль қиын кезеңді басынан кешті. Сол жолы Ресейдің Орталық банкі рубльді ұстап тұру үшін 200 миллиард доллардан астам қаржы жұмсады. Бірақ онысы сәтсіз болды, себебі пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал өсім қарқыны төмен болғандықтан, бұл Ресей экономикасына қомақты шығын болды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети