29 қаңтар 2014 16:20

Сабильянов несие беруге көңіл бөлуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұртай Сабильянов Фото ©Мансұр Хамит Нұртай Сабильянов Фото ©Мансұр Хамит

Нұртай Сабильянов Үкімет пен Ұлттық банк төрағасына жолдаған сауалында банк жүйесіндегі қордаланған мәселелердің оңтайлы шешілуін сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет экономикасында маңызды сала болып табылатын қаржы жүйесінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын алға тартқан депутат: "Былтыр бірінші желтоқсанда Қазақстан банк секторында қайтарымсыз, қайтару мерзімі өтіп кеткен банктердің несиелері 4,1 трлн теңгені яғни, 27 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл берілген несиелердің 31,4 пайыз көлемін алады. Соңғы 11 айдың ішінде қайтарымсыз несиелердің мөлшері 700 млрд теңгеге жуық өскен. Бұл қаржы Қазақстан экономикасына жұмыс істемей жатыр деген сөз. Үкімет пен Ұлттық банк қаржы секторындағы аталған мәселелерді шешу үшін стрестік активтер қорын құрған. Дегенмен бұл мәселелер өз шешімін тапқан жоқ", - дейді. Бүгінде екінші деңгейлі банктерде экономиканың нақты секторы саналатын шағын және орта бизнесті қаржыландыруы үшін қаржы тапшы болып отыр. Мысалы, меже бойынша былтыр шағын бизнеске несие беру он пайызға азайған. Ал кәсіпкерлер болса несиеге байланысты ставканың жоғары болуынан алған ақшасын уақытылы қайтара алмай, қиындық көруде. Нұртай Салихұлының айтуынша, екінші деңгейлі банктер өзіндік капиталын көбейтуге ынта білтірмей келеді екен. Олар жеке тұлғалардан тартылған депозиттер мен қарыз есебінен несие беруде. "6-7 пайызбен депозиттер тарта отырып, соның есебінен 14-20 пайыздан, тіпті одан да көп пайыздық несие беруде". Қазақстанның жиынтық банк активі 2013 бірінші қазанда 15,1 трлн теңгені құраса, көрші Ресейдің Сбербанкі активтерінің көлемі еліміздегі бүкіл банк автивтерінен 4,5 есеге артық. Мұның қасында банктеріміз басқа мемлекеттің банктерімен бәсекеге түсе алмайды. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қаржы және микрокредиттік серіктестері беретін банк қарыздары, микрокредиттер мен кредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық мөлшерлемесін 56 пайыз мөлшерінен 25 пайыз мөлшеріне дейін төмендету керек. Ұлттық банк өз тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өзіндік капиталына талаптарды күшейту және қамтамасыз ету мәселесін қолға алса екен", - деген Н.Сабильянов проблемалық несиелердің көлемін азайтып, шағын және орта бизнеске тиімді қарыз беруді енгізу сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети