Сағынтаев монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасына қатысты мәселені шешуді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан бензин бағасын төмендетуге қатысты уәде естімеген соң монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасымен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан бензин бағасын төмендетуге қатысты уәде естімеген соң монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасымен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында министр Бозымбаев қарашада АИ-92 бензин 30 пайызға, ал желтоқсанда 20 пайызға дейін арзандату туралы жоспарын айтты.

"Қарашада және желтоқсаннан кейін жағдайымыз тұрақталады деп ойлаймыз. Себебі жанармай құю бекеттерінде бензин қаңтар айынан бері 13 пайызға қымбатттады. Шекарадағы көтерме баға да 6 пайызға қымбаттады", - деді Бозымбаев баяндамасында. Ал премьер-министрдің "Қазақстандықтар үшін бензин арзандай ма?" деген сұрағына Бозымбаев "баға тұрақталып жатыр" деп жауап берді.

Сондай-ақ, Бозымбаев бағаның Ресейге байланысты екенін айтып өтті. "Бақытжан Әбдірұлы, Ресейде қазіргідей тонна үшін 560 доллар болып қала берсе, ішкі нарығымызда бағаны төмендетуге мүмкіндік бар", - деп түсіндірді Бозымбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстандық кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 150 теңгеге сатылып жатқаны хабарланған болатын.  Сондай-ақ, Қостанайда АИ-92 маркалы бензин бағасы 155 теңгеге дейін көтерілген. Жергілікті авто жүргізушілер кемінде екі жанармай құю бекетінің желісінде бензин бағасы бірнеше теңгеге өскенін хабарлады. Жанармай құю бекеті қызметкерлерінің айтуынша өзгерістер қыркүйектің 30-нан қазанның 1-не қараған түні өзгерген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro