27 ақпан 2014 | 15:05

Самұрық-Қазына бір жылда бір зауыттың ақшасын үнемдей алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © tengrinews.kz Фото © tengrinews.kz

Бүгінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры бір жылдың ішінде 1 миллиард долларды үнемдей алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке сілтеме жасап. Қор төрағасы атап көрсеткендей, 2013 жылға дейін "Самұрық-Қазынаның" тиімсіз активтері артып келген. Осыған байланысты өткен жылы ондай нысандардың бір бөлігі аукцион арқылы сатылса, қалғаны жергілікті әкімдерге тегін таратылды. Сөйтіп, қордың шығындары біразға дейін азайды. "Биыл біз тағы 75 активті есептен шығаруды жоспарлап отырмыз. Осының арқасында 5,7 миллиард теңге үнемделеді", - деді бүгін Астанадағы брифингте Ө.Шөкеев. Сондай-ақ қордың электронды сатып алулар жүйесі 70 миллиард теңгеге дейін қаржы үнемдеуге мүмкіндік бермек. "Жалпы, соның бәрін қосатын болсақ, біз 1 миллиард долларға жуық ақшаны үнемдей аламыз. Бір миллиард доллар ол не? Мәселен, биыл біз параксилол шығаратын зауыт құрылысын аяқтайын деп жатырмыз. Оның бағасы - бір миллиард доллар. Демек, бір миллиард долларды үнемдеудің арқасында біз бір жылда бір зауыт сала аламыз", - деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети