21 қыркүйек 2015 12:06

Сенаторлар заңсыз саудамен күресте әжелерге тиіспеуді сұрады

© Тұрар Қазанғапов

Сенаторлар әжелерді заңсыз саудагерлердің категориясына жатқызбауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде Комитет төрағасы өз бау-бақшасынан көкөніс әкеліп, көшеде сатып отыратын әжелер мен қарияларды қорғап, сөз сөйледі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram