21 қыркүйек 2015 12:06

Сенаторлар заңсыз саудамен күресте әжелерге тиіспеуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенаторлар әжелерді заңсыз саудагерлердің категориясына жатқызбауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде Комитет төрағасы өз бау-бақшасынан көкөніс әкеліп, көшеде сатып отыратын әжелер мен қарияларды қорғап, сөз сөйледі.

"Мұнда, Астанада, супермаркеттердің маңында заңсыз сауда жүріп жатыр. Бірақ олар өз ісіне адал, таза әжелер мен қариялар, олар тауарын өз бақшасынан әкеледі. Олар базардан заңды түрде орын ала алмайды, себебі қымбат. Бұл әжелерге арнайы орын беру заңда қарастырылмай ма? Себебі біз әлеуметтік баспана туралы айтып отырмыз, ал мұны әлеуметтік базар десе де болады, оларға арнайы орын бөлсек, өте арзан бағаға, тіпті тегін сауда жасайды. (...) Мысалы, мен үшін базардан емес, осы әжелерден зат сатып алу көңілге қонымды. Онда тазалықтың, ұқыптылықтың, тәртіптің бар екенін және арзан екенін білемін", - деді Сенат Комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин.

Бұған Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов бау-бақша өнімін сатушылардың "Кәсіпкерлік қызмет туралы" заңда қаралғанын және әжелерге арнайы бөлінген орындардың қарастырылғанын айтып, жауап қатты.

"Тұрақты емес саудагерлердің мәселесі үкімет қаулысының деңгейінде қарастылырып, шешіліп қойған. Біріншіден, жәрмеңкелер өткізу мүмкіндігі бар. Жәрмеңке өткізудің орны анықталып жатыр, жергілікті атқару органдарымен келісіліп жатыр, Оған қатысуға төлем алынбайды. Осы әжелерге, бау-бақша өнімін саудалайтындарға тура осындай орын беру мәселесі жергілікті атқару органдарымен келісіліп жатыр, олар сауда орындарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Онда инфрақұрылыс пен тұрмыс бойынша талаптар жеңілдетілуі тиіс және бұл заң арқылы реттелген", - деді Жақсылықов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети