Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілерінің қатары артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасы басшысы Аслан Рыспаевқа сілтеме жасап.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілерінің қатары артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасы басшысы Аслан Рыспаевқа сілтеме жасап.
Тексеріс жүргізген қаржы полициясы келеңсіз жайттарды жария етті. Аслан Рыспаевтың айтуынша, "Қазпочта" АҚ Қарағанды облыстық филиалының сектор бастығы Кезекеновқа қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, ол 2014 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласында жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою және жеткізілген тауар үшін ақша қаражаттарын аудару үшін 386 000 теңге көлемінде пара алған.
"Астана қаласы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бас маманы Нұркеевтің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 5 млн теңге көлемінде пара алғаны жөніндегі қылмыстық іс сотқа жолданды. Жергілікті атқарушы билік органдарына қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды", - дейді ол.
Сондай-ақ, Астана қаласындағы №39 кешкі ауысымдағы мектептің директоры А.К. Ауғамбаевқа, "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКМ бұрынғы бухгалтері А.Шуматоваға, "Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мекемесінің бөлім бастығы Р.Т. Тоғызбаевқа, "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік мекемесінің лауазымды адамдарына, №54 "Нұр-Ай" балабақшасы" МҚКК меңгерушісі Самбетоваға қатысты қылмыстық істер қозғалған.
Астана қаласында іске асырылып жатқан салалық және мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жедел қадағалау жұмысында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 1-ден 39-ға дейін көбейіпті.
"Бұл бағытта "Қолжетімді тұрғын үй", "100 мектеп және 100 ауырухана", "Балапан", "Саламатты Қазақстан", "Жол картасы" секілді бағдармалар аясындағы мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы ерекше бақылауға алынып отыр", - дейді Сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасы басшысы Аслан Рыспаев.