Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Шайдың бағасы қымбаттауы мүмкін 16 сәуір 2014, 11:25

Азияның шай өсіру аймақтарындағы құрғақшылық бағаға әсер етуі әбден мүмкін
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Азияның шай өсіру аймақтарындағы қуаңшылықтан көптеген жапырақты плантациялар қурап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан шайдың бағасы қымбаттауы әбден мүмкін. Мәселен, Шри-Ланка мен Малайзияда көптен бері болмаған құрғақшылық өнімнің біраз бөлігін құртып тастады. Бүгінде ол жақта шай өндірісі күрт төмендеп қалды. Әсіресе, шағын шаруа қожалықтары қатты зардап шегіп отыр. Шри-Ланкада жүздеген кәсіпкерлер шығынға батуда. Ал бұл мемлекет әлемде шай экпорты бойынша екінші орында тұр.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай шайдың бағасына әсер етеді. Әзірше, бағаның қалайша өзгеретіні белгісіз. Құрғақшылықтың салдарынан шайдың бағасы ғана емес, сапасы да өзгеруі мүмкін. 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті