Премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев көтерме орталықтары арқылы көкөніс бағасын төмендетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев көтерме орталықтары арқылы көкөніс бағасын төмендетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шымкентте маусымында сәбіз бағасы (бір келі) 43 теңге болады. Астанаға жеткенше - 150 теңге болады. Үш есе қымбаттайды, себебі арасында делдалдар көп. Сіз бізге ірі қалаларда көтерме-таратушы орталықтар желісін дамытуды тапсырған едіңіз. Бұл бағытта Қарағанды облысы жақсы жұмыс істеп жатыр. Наурызда көтерме-таратушы орталықты 72 мың шаршы метрге жеткіземіз. КТО бірден үш делдалды қысқартады: сатып алушы, көтерме сатып алушы және ұсақ көтерме сатып алушы. Сол кезде ірі қалаларда баға түсетін болады", - деді Шүкеев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент осы бағытта белсенді жұмыс атқаруды тапсырды.
"Егер сіздер егін уақытында қажетті алаңды дайындайтын болсаңыздар, қыстың кезінде де тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік аласыздар", - деді Назарбаев.
Өмірзақ Шүкеев осындай орталықты Астанада құру жоспары барын айтты.