Петропавлдың ішкі істер басқармасындағылар мемлекеттік сатып алудағы бензин бағасын қымбаттатуының себебін түсіндірді. Осыған дейін мемлекеттік сатып алулар сайтында АИ-92 бензині қосымша құн салығынсыз 180 теңгеден сатылатыны көрсетілген болатын. Ал салықты қосқан жағдайда бензин шамамен 205 теңгеге жетіп тұр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Петропавлда жанармай құю бекеттерінде АИ-92 орташа бағасы 157 теңге. СҚО ІІД өз позициясын Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында түсіндірді.
Петропавл ІІБ өкілдерінің айтуынша, мұндай баға қараша айындағы түрлі үш бензин жеткізушінің құбылмалы баға қоюымен байланысты болып отыр.
"2017 жылдың соңына дейін 2018 жылдың қаңтар айын қосқанда бюджеттен 13 миллион теңге бөлінді. Біз жеткізушілер берген бағаларға сүйене отырып, ол ақшаны тепе-тең бөлеміз. Ал кейінірек үнемделген ақшаға біз қайтадан ашық конкурс өткізіп, жеткізушілердің құқықтарына қайшы келмей, мемлекеттік сатып алу жүргізе аламыз", - деді СҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Мадина Балғашукова.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы 6 қарашада белгілі болады.
"Дер кезінде өткізілген конкурс бөлінген бюджет қаражатын дер кезінде игеріп, Петропавлда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді СҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі.
Осыған дейін мемлекеттік органдардың бензинді 180-200 теңге аралығында сатып алуға дайын екендігі айтылған болатын.