СҚО полициясы АИ-92 бензинін неліктен 180 теңгеден сатып алғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО полициясы АИ-92 бензинін неліктен 180 теңгеден сатып алғанын түсіндірді © Tengrinews.kz

Петропавлдың ішкі істер басқармасындағылар мемлекеттік сатып алудағы бензин бағасын қымбаттатуының себебін түсіндірді. Осыған дейін мемлекеттік сатып алулар сайтында АИ-92 бензині қосымша құн салығынсыз 180 теңгеден сатылатыны көрсетілген болатын. Ал салықты қосқан жағдайда бензин шамамен 205 теңгеге жетіп тұр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдың ішкі істер басқармасындағылар мемлекеттік сатып алудағы бензин бағасын қымбаттатуының себебін түсіндірді. Осыған дейін мемлекеттік сатып алулар сайтында АИ-92 бензині қосымша құн салығынсыз 180 теңгеден сатылатыны көрсетілген болатын. Ал салықты қосқан жағдайда бензин шамамен 205 теңгеге жетіп тұр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Петропавлда жанармай құю бекеттерінде АИ-92 орташа бағасы 157 теңге. СҚО ІІД өз позициясын Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында түсіндірді.

Петропавл ІІБ өкілдерінің айтуынша, мұндай баға қараша айындағы түрлі үш бензин жеткізушінің құбылмалы баға қоюымен байланысты болып отыр.

"2017 жылдың соңына дейін 2018 жылдың қаңтар айын қосқанда бюджеттен 13 миллион теңге бөлінді. Біз жеткізушілер берген бағаларға сүйене отырып, ол ақшаны тепе-тең бөлеміз. Ал кейінірек үнемделген ақшаға біз қайтадан ашық конкурс өткізіп, жеткізушілердің құқықтарына қайшы келмей, мемлекеттік сатып алу жүргізе аламыз", - деді СҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Мадина Балғашукова.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы 6 қарашада белгілі болады.

"Дер кезінде өткізілген конкурс бөлінген бюджет қаражатын дер кезінде игеріп, Петропавлда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді СҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі.

Осыған дейін мемлекеттік органдардың бензинді 180-200 теңге аралығында сатып алуға дайын екендігі айтылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети