Өткен аптада ғана Алматыда күшті жер сілкінісі болуы ықтимал деген ақпарат біраз қауымды даурықтырды. Бұл туралы Лондон Корольдік қоғамының мүшесі, Кембридж университеті жер туралы ғылым департаментінің басшысы, профессор Джеймс Джексон «сілкініс әдетте жер қыртысының жарылған тұстарында болады. Ал Алматы маңында мұндай 10 шақты жер бар» деп өзінің дәлелдерін алға тартты. Артынша еліміздің сейсмолог ғалымдары әзірге Алматыда қуатты жер сілкінісі болжанып отырмағанын құлаққағыс етті. Дегенмен «Алаш айнасы» осы тұста «сейсмологиялық қауіпсіздігіміз, оны болжау ахуалымыз халықаралық межені маңайлай ала ма? Бұл бағытта жүргізіліп жатқан істер халықаралық талапқа сай ма? Қазірде сейсмологиялық аумаққа жатпайтын аймақтарда да жер сілкінісі болу үрдісі жиілеп кетті. Мұны техногендік сілкіністерге жатқызуға бола ма?» деген сауалдарға жауап іздеп көрді.

Жалпы, біздің қазақ апаттың айтып келмейтінін жақсы біледі. Айталық, нақ осы жер сілкінісе қатысты бас-аяғы он жылдың ішінде дамыған, қауіпсіздік бекінісі мығым бірнеше елде үлкен жер асты дүмпулері болды. 2004 жылы, мысалы, Индонезияда болған жер сілкінісінен 240 мың адам зардап шекті. Ал 2008 жылы Қытайдың Cичуань аймағында болған жер сілкінісінің күштілігі сонша - 69 мың адамның қаза тапқаны белгілі болды. Одан кейін Индонезияның Суматра аралына жақын аймақта Тынық мұхитында аралға 40 шақырым жерде үлкен жер сілкінісі болды. Оңтүстік Америка елдері – Перу, Чили елдерінде болған жер сілкіністері де, қай тұрғыдан алғанда да, зор шығындар алып келгені белгілі. Ал Жапониядағы болған жер сілкінісінің магнитудасы 8,9 болса, ошағының күші 11, 12 балға дейін жеткені бізге белгілі. Жапонияның сейсмолог ғалымдары жер сілкінісі мұхитта емес, құрлықта, яғни төрт аралдың бірінде болуы ықтимал деп топшылаған. Ал ол жерде алапат жер сілкінісі аралдан 130 шақырым жерде мұхитта болды. Тереңдігі 25 шақырым болған мұхиттық жер сілкінісі апаттың айтып келмейтінін тағы бір дәлелдеді. Бұл - дамыған өркениетті елдерде орын алған жайт. Қазірде ғылыми, технологиялық тұрғыда дамыған елдердің өзі сеймикалық қауіпсіздіктері үшін алаңдап отырған тұста біздегі ахуал қандай? Не істелінуде? Қанша жерден өндіріс орындары өркениетті елдермен салыстырғанда бізде аз дегенімізбен өндіріс орындары жер сілкінісіне дайын ба? Бұл ретте, Сейсмология институтының директоры, Таңатқан Абақанов былай деген еді:
– Жалпы, сейсмикалық қауіпсіздік жайын сөз еткенде, сейсмикалық картаның сауатты жасалуы - қай елде де асқан қажеттілік. Сейсмикалық картаның негізгі қызметі – сейсмикалық қауіпті аймақтарды айқындау. Бұл дегеніңіз – сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс жұмыстарының қалай салынуы керектігі; тұрғын үйлердің орналасуы қалай түзілу керек; қандай заңдылықтар сақталынғаны жөн; ал қауіпті аудандарда ірі кәсіпорындар салынбағаны абзал. Міне, осының барлығы сейсмикалық карталарда көрініп, сайрап жатуы керек. Негізі, сейсмикалық карталар үш түрде түзіледі. Бірінші, күллі Қазақстанның сейсмикалық картасы жасалынуы керек. Бұл картаны қазірде еуростандартқа сай етіп жасау қажеттілігі байқалып отыр. Әлемде сейсмикалық карталарға байланысты Еуро-8 деген стандарт бар. Соған бұл карта сай болуы керек. Бұдан соң екінші дәрежедегі сейсмикалық карта, бұл әр облыстың сейсмикалық картасы болуы керек. Мұндай карталарды біз ғылыми тұрғыда қазірде Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарына жасап қойдық. Бірақ бұл карталар теориялық тұрғыда ғана дайын тұр, аталмыш сейсмикалық карталар әзірге тәжірибе жүзінде қолданылған жоқ. Аталған облыстардың басшылары сейсмикалық карталарды тәжірибеде қолдануға енді-енді тапсырыс бере бастады. Карталарды тәжірибеге енгізу үшін ғалымдарға әлде де болса жұмыс істеу керек. Сейсмикалық қауіпсіздікті сақтаудың тағы бір жүйесі, ол – болжау. Болжаудың өзі үш сатыға бөлінеді. Ұзақ мерзімді – бес жылдан жеті жылға дейін, орта мерзімді – бір жылға дейін және қысқа мерзімді – сағаттық, тәуліктік. Осы үш мәселені бірдей шешу керек. Біз қазірде 5-7 жылдық болжам картасын өзіндік дәрежеде жасай аламыз. Бұған қатысты ешкімнен кем емеспіз. Орта мерзімді, яғни бір жылдық сейсмикалық болжамды жасауға да қабілетіміз жетеді. Біздің болжамымыз бойынша соңғы төрт жылдық мерзімде Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша алапат, дүлей зілзала болмайды. Біз осы іспетті мәліметтерді Үкімет саласына жыл сайын беріп отырамыз. Нақ қазір бізге ең қиыны қысқа мерзімді болжам жасау болып отыр. Қысқа мерзімді болжам жасау дүниежүзілік тәжірибеде әлі шешіле қойған жоқ. Бүгінде болжамның бұл түрін санаулы мемлекеттер ғана теория жүзінде жасай алады. Оның өзі тәжірибеде әлі қолданылмаған.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...