Сұйық май бағасы бір жылда 15 пайызға өскен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Тазартылған сұйық май өндірісі бір жылда 15 пайызға өскен, ал тазартылмағаны - 19 пайызға. Сұйық майдың ең жоғары бағасы батыс өңірлерде және елордада тіркелген. Ақтауда қазан айында орташа бағасы - 487 теңге (бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары). Нұр-Сұлтанда сұйық май бағасы 1,9 пайызға өсіп, 473 теңге болды, ал Атырауда 4,4 пайызға өсіп, 454 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тазартылған сұйық май өндірісі бір жылда 15 пайызға өскен, ал тазартылмағаны - 19 пайызға. Сұйық майдың ең жоғары бағасы батыс өңірлерде және елордада тіркелген. Ақтауда қазан айында орташа бағасы - 487 теңге (бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары). Нұр-Сұлтанда сұйық май бағасы 1,9 пайызға өсіп, 473 теңге болды, ал Атырауда 4,4 пайызға өсіп, 454 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ең төмен баға - ірі қалалар мен мегаполистерде: Қарағандыда 380 теңге, ал Павлодарда 400 теңге.

Қазақстан бойынша бір жылда 3,2 пайызға өсіп, орташа баға 434 теңге болған. Айта кетейік, осы аралықта азық-түлік және алкогольсіз сусындар бағасы 9,7 пайызға өсті. 

Тазартылмаған сұйық май өндірісі бір жылда 19,2 пайызға өсіп, үш тоқсанда 129,8 мың тонна болға, ал тазартылғаны 15,3 пайызға өсіп, 92,3 мың тонна болған. 

Сұйық май өндірісі бойынша - Шығыс Қазақстан облысы көш бастап отыр. Еліміздегі барлық өндірілетін тазартылмаған сұйық майдың 84,5 пайызы, ал 63,1 пайызы тазартылған. 

Статистика комитетінің мәліметінше, отандық күнбағыс майын өндіру биылғы қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша сектордағы сұранысты 72,4 пайызға жабады; тиісінше импорт үлесіне тек 27,6 пайыз ғана қалады. 8 ай ішінде ішкі нарықта майды сату 220,8 мың тоннаға тең болды - өткен жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға артық.

Жалпы алғанда, өсімдік майларының сегменті бойынша, ведомство деректері бойынша, импорт - 25,9 пайыз, жергілікті өндірушілердің үлесі тиісінше - 74,1 пайыз.

Үш тоқсан ішінде өсімдік майлары мен майлар импортының жалпы көлемі 121,7 мың тоннаға немесе 95,5 миллион АҚШ долларына тең. Дегенмен, бұл бір жыл бұрын заттай көрсеткіште 3,1 пайызға және ақшалай көрсеткіште 16,2 пайызға аз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro