Сұйытылған газ қымбаттай бастады. "Лада" порталының мәліметінше, Ақтауда бүгін, 16 маусымда сұйытылған газдың бағасы көтерілді. Бұл туралы басылымға жүргізушілер хабарлаған.

Порталдың мәліметінше, баға 35 теңгеге дейін көтерілген. Алайда жанармай құю бекеттерінің қызметкерлері газдың 5-8 теңгеге қымбаттауының себебін айтудан бас тартқан. Ал "ҚазМұнайГаз" ЖШС жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ мүлдем жоқ. Ал Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерлік пен сауда басқармасының бөлім басшысы Бекқали Жұбановтың айтуынша, кеше ғана бағада ешқандай өзгеріс болмаған.
"Кеше кешке ғана жанармай құю бекеттерін аралап, мониторинг жүргізген болатынмын, ешқандай проблема болған жоқ. Барлық бекетті аралап, мәселенің мән-жайын білемін", - деді ол.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында газға қатысты мәселе жылда болады. Шенеуніктер әрдайым газ тапшылығына алыпсатарларды кінәлайды. Мамыр айында ғана тариф 40 теңгеге дейін көтеріліп, облыс әкімінің орынбасары жанармай құю бекеттерінің иелері бағаны жасанды түрде көтерді деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасының 108 теңгеге дейін көтерілгені хабарланған болатын. Тиісті құжат Қазақстанның Энергетика министрлігінде жарияланды.