Шығыс тұрғындары арзан ұнмен қамтамасыз етіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс тұрғындары арзан ұнмен қамтамасыз етіледі Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары бағасы арзан ұнмен қамтамасыз етіледі. Облыста азық-түлік бағаларының негізсіз көтерілмеуін қадағалау үшін үш жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы мәселеге байланысты шұғыл жиын өткізген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі қалалар мен аудандарда шұғыл жұмыс тобын құруға тапсырма беріп, аталған жұмыс топтары күніне екі мәрте облыс басшылығына жүктелген тапсырмалардың орындалуына қатысты ақпарат беріп тұруға міндеттелді. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қорында азық-түлік қоры жеткілікті. Аталған тауар облыстың ірі қалалары мен аудандарында көтерме базарлар арқылы сатылады. Көтерме базарларда бағаны негізсіз көтеруге жол берілмеуі керек. Сауда орындары мен көтерме базарларда алғашқы кезектегі қажеттілікке жататын азық-түлік қымбаттамауы тиіс. Облыс әкімі барлық сауда орталықтары бойынша күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеуде кідірістің болмайтынын, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үнемі назарда болатынын, өңірдегі тұрғындар азық-түлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген ұнмен қамтамасыз етілетінін атап өтті. – Біз барлық сауда кәсіпорындарымен меморандумға қол қойғанбыз. Меморандум шарты бойынша 10 пайыздық баға өсімі сақталуы қажет. Мұны күнделікті қадағалап отыруымыз керек. Бірқатар сауда нүктелері кейбір бөлімдерді немесе дүкендерді негізсіз жауып жатқаны туралы ақпарат бар. Оған жол берілмеуі тиіс. Бұл – заңсыз. Әкімдер осы мәселені назарға алуы керек, – деді Бердібек Сапарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети