Шымкентте ерлерге арналған аяқ киім шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ерлерге арналған аяқ киім шығарылады @"Даму" қоры

Шымкенттік кәсіпкер Санжар Тіленов ер адамдарға арналған аяқ киім шығарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік кәсіпкер Санжар Тіленов ер адамдарға арналған аяқ киім шығарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер қазақстандық аяқ киімді отандық нарықта жекелеп сатпайтынын айтты. "Біз отандық нарыққа ең азы 100 мың жұп аяқ киім өндірісімен кіргіміз келеді. Егер біз осы мақсатқа жетсек, ары қарай кәсібімізді кеңейтетін боламыз", - деді Тіленов.

Компания "Даму" қорының қолдауымен пайыздық мөлшерлеме субсидиясы бойынша несие алды. Қазір олар үйге арналған аяқ киімдер тігіп жатыр. Күніне 1000 жұп аяқ киім шығарылады. Тауарды ірі көлемдегі сатып алушылар алады. Өнеркәсіпте 15 адам жұмыс істеп жатыр.

Кәсіпкердің айтуынша, ол басында аяқ киімді өз бетімен шығарамын деп ойлады, кейін тәжірибелі серіктес керек екенін түсінген. "Біздің түркиялық серіктесіміз де аяқ киім шығарумен айналысады. Шымкентте бізге қажетті барлық құралдар бар. Кейбір кезде біз жартылай дайын аяқ киімді импорттаймыз. Сосын өзіміз аяқтап тігіп шығамыз", - деді Тіленов.

Оның айтуынша, бірінші топтамадағы аяқ киім дизайны анықталып қойған. "Аяқ киімнің бірінші партиясын жаздың соңына дейін шығаруды жоспарлап отырмыз. Біздің продукцияның бағасы жекелеп сатылғанда жүз доллардан жоғары болмауы керек", - деді ол. Бастапқы кезде кәсіпкер ерлерге арналған аяқ киімдер желісін ғана шығарады.

Айта кетейік, отандық киімдерді киюді шенеуніктер де қолдап отыр. Мысалы, Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев 22 сәуірде өткен Мәжіліс отрысына Қазақстанда өндірілген киіммен келді.

"Костюм "Қазлитөнеркәсіп" - Алматы, аяқ киім - Қарағандыныкі. Бағасы қымбат емес, қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар костюм мен аяқ киім тігеді. Әсіресе әйелдерге арналған костюмдер көп, шетелдік киімдерге қарағанда ұлттық стильде тігіледі. Бәріміз "Маркамен және брендпен жұмыс істеңдер" дейміз", - деді ол Парламент Мәжілісінің отырысының үзілісі кезінде тілшілерге.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети